Ақтөбе қаласындағы №12 шағын ауданында тағы бір жаңа денсаулық сақтау саласының нысаны бой көтерді. Жақында осы №3 қалалық емхананың салтанатты ашылуы болды. Бұл емхана №11 және №12, сондай-ақ, «Көктем» және «Болашақ» аудандарында тұратын 68,5 мың адамға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін болады. Олардың 23 мыңын 15 жасқа дейінгі балалар құрайды. Бұрын осы емхана орналасқан «Сазды» және «Болашақ» шағын аудандарындағы емдеу орындары бұдан былай филиал ретінде жұмыс істей береді.
Жаңа емхана ауысымына 500 адамды қабылдайды. Емхана осы заманғы озық медициналық техникалармен жарақтандырылған. Мұнда Финляндиядан және Венгриядан шығарылған рентген қондырғыларымен жабдықталған сәулелік диагностика бөлімшесі бар. Теледидармен басқарылатын рентген аппараты, маммограф және флюрографиялық аппарат жұмыс істеп тұр. Мамандардың бөлмелері асқазан ауруларын анықтайтын бейнеэндоскопиялық жүйемен, ультрадыбыстық зерттеулер жүргізетін аппараттармен жарақтандырылған. Тіс, көз және ЛОР дәрігерлерінің жұмыс орындары автоматтандырылған жүйелермен қамтамасыз етілген. Ауруды анықтау мүмкіндігін кеңейту үшін емханаға биохимиялық, гематогиялық және иммуноферменттік зертханалық қондырғылар орнатылған.
Жаңа емхананы пайдалануға беруге бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Оның 800 миллион теңгесіне құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 400 миллион теңгесіне медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Емхананың бас дәрігері Жәнібек Нармұхамедовтың айтуынша, емдеу мекемесіне қажетті маман дәрігерлер мен медбикелер толық қабылданыпты. Қазір мұнда 471 дәрігер мен медбике жұмыс істейді. Өткен жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірген үш жас маманды қабылдап, Алматыда өз салалары бойынша мамандану курсынан оқытып алған.
Облыс орталығындағы жаңа №3 қалалық емхананың салтанатты ашылуына арнайы келген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 2,7 миллиард теңге бөлінгенін, Шұбарқұдық ауылында 250 орындық аурухана, Ақтөбеде 300 орындық ересектер ауруханасы, сондай-ақ, 9 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілгенін атап өтті. Саланы қаржыландыру биыл да арта түсетінін жеткізді. Енді осы ауданда 600 орындық орта мектеп салынатынын айтты. Шағын аудан тұрғындары атынан сөз алған Амангелді Есқалиев тұрғындарға қажетті әлеуметтік мәселелерді шешудегі игі істері үшін Елбасына және өңір басшысына ризашылығын білдірді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше