Экономика • 07 Қазан, 2021

Алматыда монополияға қарсы форум өтіп жатыр

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда монополияға қарсы форум өтіп жатыр

VII форум барысында:

- Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың және тергеу жүргізудің жаңа тәсілдері

- Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік бұзылған жағдайда нарық субъектілерінің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктері

- Бәсекелестер арасындағы дауларды шешу тәжірибесі

- Нарық субъектілерінің мүдделерін қорғау практикалық сұрақтары

- Монополияға қарсы комплаенс

– монополияға қарсы тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі қаралып, талқыға түседі.

«Форумды Қазақстанда өткізу жақсы дәстүрге айналды. Мұнда жыл сайын жақын және алыс шетелдердің монополияға қарсы агенттік басшылары бас қосады. Әлемдік экономикалық қауымдастық пен бизнес құрылым өкілдері өз ойларын ортаға салады. Көтерілген мәселелер біздің елдің одан әрі дамуы үшін қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділ бәсекелестікті Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты негізделуі тиіс жеті принциптің бірі деп атаған болатын. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты осыған негізделуі тиіс. Үш негізгі ойыншының нарықтағы орташа үлесі бүгінде әр түрлі салаларда 70-тен 100%-ға дейін. Мемлекет басшысы мұны өзінің былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті», деген ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елдегі бәсекелестікке барынша қолайлы жағдай жасау қажет екенін айтты.

Форум шеңберінде Халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығы мен БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылады.

Айта кетейік, шараны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ ұйымдастырды.