Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Оның басты себебінің бірі ретінде екпе егудегі белсенділік аталуда. Бүгінде үшінші мегаполисте вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал ІІ компонентін 454 848 адам алған.

Шымкентте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсектік орындардың басым бөлігі қысқартылды. Мамандардың айтуынша, бұл – иммундау шарасының нәтижесі. Денсаулық сақтау басқармасы үшінші мегаполис коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы жоспар 100 пайызға орындалғанын хабарлады. «Жасыл аймаққа» кірген Шымкентте өткен тәулікте, яғни 10 қазанда коронавирустың 28 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 8 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды. Дәрігерлердің көмегімен індеттен айығып, отбасына оралып жатқандар қатары да арта түсуде. Мысалы, COVID-19 инфекциясына шалдығып, өкпесінің 62 пайызы зақымдалып ауруханаға түскен 72 жастағы әжей қауіпті инфекцияны жеңіп шықты. Науқасты дәрігерлер бір айға жуық хаттама бойынша емдеген. Қала тұрғыны Шарапат Мырзалиева өте ауыр халде 14-қыркүйек күні қалалық жұқпалы аурулар орталығына келіп түскен. Келген кездегі жағдайы бойынша қандағы оттегі мөлшері, яғни сатурациясы 50-ден төмен болған. Дәрігерлер науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосып, шұғыл емдік шараларын жүргізді. Қарт кісінің артериялық қан қысымы және асқазан мен бауырда қосалқы аурулары болған. «Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Компьютерлік томографиямен тексеру нәтижесінде науқастың өкпесі 62 пайыз зақымдалғаны анықталды. Науқасқа хаттама бойынша толық ем көрсетілді. Қазіргі жағдайы жақсы. Өздігінен дем алуда. Қандағы оттегі мөлшері орнына келді. Апа толық емделіп, үйіне оралды», дейді дәрігер Бекен Сырбекұлы.
Дәрігерлер індет жұқтырғандардың азаюына, дәл диагноз қоюға және науқастарға сапалы көмек көрсетуге заманауи жабдықтардың септігі мол екенін айтады. Осы орайда жуырда «Ұлттық сараптама орталығы» МК мен Израильдің AID Genomics халықаралық геномдық компаниясы арасындағы келісім шеңберінде Шымкентте коронавирус инфекциясын диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылғанын айта кетелік. AID Genomics жұқпалы ауруларды диагностикалауға мамандандырылған жетекші диагностикалық компания ынтымақтастық аясында коронавирус инфекциясын зерттеу жабдықтары бойынша гуманитарлық көмек көрсетті. Зертханалық жабдық тәулігіне 2 500-ге дейін тест орындауға қабілетті, өнімділігі жоғары толық автоматтандырылған кешен. Зертханамен бірге нәтижелерді қалыптастыру, процесті мониторингтеу және жеделдету үшін жасанды интеллект технологиясы қолданылатын жеке әзірленген қамтамасыз ету бағдарламасы пайдалануға берілді. Сала мамандары Қазақстанның Израильдегі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған бұл бастама адам факторының әсерін барынша азайтып, нәтижелердің дәлдігін қамтамасыз ететінін айтуда.
Руханият • Бүгін, 23:18
Әдебиет • Бүгін, 23:16
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Бүгін, 23:15
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 23:11
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Бүгін, 23:10
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Бүгін, 23:08
Қазақстан • Бүгін, 23:06
Өнер • Бүгін, 23:03
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 22:48
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбазға мемориал тақтасы орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 22:30
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады
Қоғам • Бүгін, 21:45
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:22
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Ұқсас жаңалықтар