Оның әр шығармасында босқындар туралы оқиғалар сөз болады. 21 жасынан бастап ағылшын тілінде жаза бастаған ол осы империя тілін әдебиетте табысқа жетуде маңызды құралға айналдырған.
Оның романдары көбінесе миграциялық тәжірибеге, өзге елге қоныс аударуға, әр сәтті есте сақтауға және мәдениетаралық сәйкестілікке байланысты оқиғаларды оқырманға жеткізді. Сонымен бірге оның кітаптарының тақырыптары мен тілді қолдану ерекшелігі (ағылшын және кисвахили) мәдениетаралық түсініктерге мысал бола алады.
Ол бір сұхбатында: «Әлем әдебиетінің міндеті қандай? Бұл сөйлеммен не айтқыңыз келетініне байланысты, бұл сұрақтың моральдық өлшемі де бар. Әдебиеттің әлемдегі рөлі – қоғамды ілгерілету, бірақ ол белгілі бір қоғамдастыққа байланысты өзгеруі мүмкін. Жазушылар қоғамдағы идеяларға қарсы тұруы керек деп айтуға болады. Бұл қиындық көрнекілік идеяларына, отбасы идеяларына, жыныстық моральға сәйкес келуі керек. Жазушылардың рөліне тек оқырмандары ғана баға бере алады. Бұл өте қиын» деген толғам айтады.
Танзания тумасы Абдулразак Гурна жетінші қазан күні Нобель әдебиет сыйлығының иегері атанды. Нобель академиясының қызметкері Адам Смис оған телефон шалып, шағын сұхбат жүргізді.
Абдулразак Гурна: Сәлеметсіз бе!
Адам Смис: Есенсіз бе, мен Абдулразак Гурнамен сөйлесіп тұрмын ба?
Абдулразак Гурна: Иә, солай.
Адам Смис: Менің есімім...
Абдулразак Гурна: Мен әлгінде ғана хабарламаны компьютерімнен көрдім, сіз кім болдыңыз?
Адам Смис: Мен сізге Нобель академиясының арнаулы сайтынан хабарласып тұрмын, есімім – Адам Смис. Сөйлесе аласыз ба, жоқ ә??? ??????????? ????? ??????? ??? ????? ??????????? ????.
лде хабарламаны көріп отырсыз ба? Сізді мазаламасам екен.
Абдулразак Гурна: Жарайды, онсыз да мені енді журналистердің мазалауы басталды ғой.
Адам Смис: Дұрыс айтасыз, хабарламадан бәрін естідіңіз ғой, осы сәттен бастап өміріңізде өзгеріс болары даусыз. Топан су басады деген сөз бар, сіз болашақ туралы не ойлайсыз?
Абдулразак Гурна: Иә, сондай сөз бар екені шындық. Ал мына сыйлық мен үшін өте үлкен марапаттың бірі. Бұл сөзсіз істелуге тиісті іс еді, күндердің күні осыған қол жеткізетініме сенгенмін.
Адам Смис: Сүйіншілі хабарды қалай естідіңіз?
Абдулразак Гурна: Олар маған телефон шалды, кешіріңіз, хатшының есімі кім еді?
Адам Смис: Матс Малм.
Абдулразак Гурна: Иә, сол кісі маған он минут бұрын хабарласты. Қапелімде не істерімді білмей қалдым. Шынымен солай болды. Әдетте мұндай хабарлардың сыбысын бірнеше апта немесе бір ай бұрын еститінбіз, кімнің үміткер екенін де құлағымыз шалатын. Ал мен өзім аламын деген ойда болған жоқпын. Тек кім алар екен деп ойладым.
Адам Смис: Хатшы сізді сыйлық алғаныңызға қалай сендірді?
Абдулразак Гурна: Ол аса байыппен сөйледі, сосын ол Швед академиясының сайты туралы айтты. Мен «дереу кіріп, тексерейін, бірақ не болғанын айтыңызшы» дедім. Ол еш асығар емес. Мен соңына дейін күтейін немесе біреуден естиін деген ойда болдым. Ақырында осылай болды...
Адам Смис: Әрине, бұл шындық. Нобель сыйлығы...
Абдулразак Гурна: Кешіріңіз, маған телефон шалып жатыр.
Адам Смис: Иә, түсініп тұрмын. Сол үшін сұрағымды тездетейін.
Абдулразак Гурна: Мен мына телефонға жауап беріп алайыншы.
Адам Смис: Жарайды.
Абдулразак Гурна: Амансың ба? Иә, сіз бұл хабарды енді ғана естідіңіз бе? Мен қазір Швед академиясымен сөйлесіп отыр едім, бес минуттан кейін телефон шаларсыз, сөйтерсіз. Иә, желіде барсыз ба? Әлгінде телефон шалған BBC орталығы сияқты.
Адам Смис: Олар да сізден сұхбат алғысы келген болар. Дәл қазір сізбен бәрі сөйлескісі келеді деп ойлаймын. Дәйек сөзде «Босқындар тағдыры мен Мәдениет пен құрлықтар арасындағы алшақтықты» қалай шешім еткеніңіз туралы айтылды. Бұл тақырып қазір өте актуалды. Біз қазір босқындар дағдарысының ортасында тұрмыз. Мәдениеттер арасындағы алшақтыққа қалай қарайсыз? Әрине, мұны суреттеудің көптеген әдісі бар деп ойлаймын.
Абдулразак Гурна: Меніңше, бұл түйін мәңгілік шешілмейтіндей сезіледі. Әрине, адамдар әрі-бері босып, көшіп жүр. Әсіресе Африкадан Еуропаға келетіндердің басында болған жағдайлар менің назарымда. Бұл салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Ал анда-мұнда ағылып жатқан еуропалықтар ешкім үшін де жаңалық емес. Бізде бұл құбылыс бірнеше ғасырға жалғасқан. Сол үшін Еуропалық мемлекеттер мен сонда жасап жатқан халық үшін мұны қабылдаудың өзіндік түрі бар деп ойлаймын. Ұзын сөздің қысқасы, біз мұны сараңдық десек дұрыс болар. Мұнда босқындар келсе, ең алдымен қоғамның қ????????ажетінен шығады. Тіпті солардың ішінде талантты, энергиясы мықты, елге, қоғамға бірдеңе бере алатын адамдар да бар. Сол үшін бұл туралы айтудың, бұл жөнінде ойланудың басқаша жолы болуы мүмкін.
Адам Смис: Көп рахмет сізге. Енді сұрайын дегенім, жыл сайын ғалымдар мен әдебиетшілерді осы апталық хабарландырумен байланыстырады. Ғалымдар өз жұмыстарын ойын ретінде зерттеудің бір түрлі ләззаты деп санайды екен. Ал сіз шығарма жазғанда осылай ойлайсыз ба?
Абдулразак Гурна: Мен бір шығарманы аяқтағанда қатты қуанамын. Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды, жалғаса береді. Егер бұл саланы ұнатпасаңыз, онда қаламыңыз жол ортада суиды. Менің ойымша, бір нәрсені жасаудың, түзеудің ләззаты басқаша. Ал басқаларға ләззат сыйлау, қуанту, иландыру дегендердің өз рахаты бар.
Адам Смис: Сізге көп рахмет. Сізден сұхбат алуға асыққандарға өте ашық пікірде екеніңізді айтқым келеді.
Абдулразак Гурна: Саған да рахмет!
Адам Смис: Келесіде кеңірек сөйлесерміз, қазірше осы да жетер. Үлкен сыйлық алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!