Қазақстан • 19 Қазан, 2021

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы аталған жобаның орындалуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

«Осы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында 566 млрд теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылуда», деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 2,5 мың шақырым инженерлік желілер және 5 мың шақырым кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады.

«632 мектеп пен балабақшар, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт залдары салынады және жөнделеді», деді Әсет Ерғалиев.