Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім өзенінің ластануы туралы бейнеролик тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті жергілікті ІІБ және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп оқиға орнына дереу барды, деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Күршім өзенінің арнасын Маралды ауылына қарай тексеру барысында өзеннің Қиынсу өзені ағатын жерде (Маралды ауылынан шамамен 12-15 км) ластану фактісі тіркелді. Бұл ретте Күршім өзенінің суы Қиынсу өзені ағатын жерден жоғарысы, таза. Жедел топ Маралды ауылының маңында орналасқан «Маралихаголд» ЖШС бағалы металдарды барлау және өндіру орнын қарап шықты.
Жүргізілген тексеру 2-3 тұндырғышта кенді байыту кезінде бұрын пайдаланылған су жоқ екенін көрсетті. «Маралихаголд» ЖШС жұмысшыларының айтуынша, 14 қазанда өндірісте пайдаланылған су «Васильевский» бұлағына түскен. Васильевский бұлағының суы «Бугуль» бұлағына құяды, ол Қиынсу өзеніне, ал ол өз кезегінде Күршім өзеніне құяды.
«Аталған факті АІІБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Жиналған материал Экология департаменті мен Ертіс бассейндік инспекциясына жіберілді. Қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», делінген хабарламада.
Жыл басынан бері 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар