Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандыру бойынша Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасын қайта қарауы керек. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы емделуші сырқатының ауырлығын және оның денсаулық сақтау мекемесіндегі жағдайын ескерместен, медицина қызметкерінің науқас өмірі мен денсаулығына келтірген зиянын өтеу міндетін көздейді. Кеңес мүшесі Татьяна Булгацевич атап өткендей, заңнамада «медициналық қатер» деген ұғым жоқ.
«Біздің қызметкерлер жұмыс істейтін жағдайды дәрігерлер емес, мемлекет, бюджет мүмкіндіктері анықтайды. Ауылдық ауруханадағы рентген аппараты 1960 жылы шығарылған, соның салдарынан диагностикалық қателіктердің болу қаупі жоғары. Әртүрлі жағдайлар болады, хәлі ауыр, тіпті емделмейтін науқастар да бар. Оларға қанша қаласаңыз да көмектесу мүмкін емес. Дәрігерлер ғажайыптар жасай алмағаны үшін кінәлі бола ма?», деді Татьяна Булгацевич.
Спикер сондай-ақ заң жобасының мәтінінде дәрігердің байқаусызда қателік жібергені немесе диагностикалық процедураларды жүргізудегі олқылығы үшін жауапкершілігі көзделгеніне назар аударды.
«Мұндай жағдайда дәрігерлер тек айыптаудан қорқып, тіпті тұмаумен ауырған кезде де молекулалық-биологиялық зерттеулерді тағайындайды. Бұл гипердиагностикаға әкеледі. Ал Денсаулық сақтау ресурстарын, әсіресе қазіргідей ковид пандемиясы жағдайында үнемдеп пайдалану қажет. Мамандық тартымдылығын жоғалтып, саладан мамандардың кетуі медициналық көмек сапасының төмендеуіне әкеледі. Мұның барлығынан түптеп келгенде емделушілер зардап шегеді», деп атап өтті Татьяна Булгацевич.
Сонымен қатар, партиялықтар ҚР Қылмыстық кодексіндегі 317-бапты – «Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауын» талқылады. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл норма медицина қызметкерлерінің құқықтарына нұқсан келтіреді
Отырыс қорытындысында Кеңес Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР Қылмыстық кодексінің, оның ішінде 317-бабы бойынша, елімізде «медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» қозғалған істердің есебін және талдауын енгізуді ұсынды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомство ҚР ҚК 317-бабын қайта қарау бойынша Парламентке ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар