Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылда зардап шеккендердің саны 10,7%-ға, оның ішінде өндірісте қаза тапқандардың саны 16%-ға азайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда жыл сайын кәсіптік аурулардың 400-ден астам жағдайы тіркеледі. Соңғы 3 жылда олардың саны 21%-ға азайды. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда (2016-2020 жж.) өндірісте зардап шеккендер саны 10,7%-ға (1683-тен 1503 адамға дейін), оның ішінде қаза болғандар саны – 16%-ға (248-ден 208 адамға дейін) азайды. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 1000 жұмысшыға шаққанда 0,32-ден 0,23-ке дейін төмендеді», деп хабарлады Ербол Нұрғалиев.
Ведомство басшысының айтуынша, биыл 9 айда еліміздің кәсіпорындарында 1062 адам зардап шекті (2020 жылдың 9 айында – 1023 адам), оның ішінде 140 адам қаза тапты (2020 жылдың 9 айында – 144 адам).
Өндірістік жарақаттанудың өсуі: Ақтөбе (54 адамнан 91 адамға дейін), Атырау (21 адамнан 38 адамға дейін), Жамбыл (34 адамнан 42 адамға дейін), Қызылорда (32 адамнан 53 адамға дейін), Павлодар (76 адамнан 87 адамға дейін) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (32 адамнан 43 адамға дейін) байқалады.
Қаза табу жағдайларының саны Ақтөбе (11-ден 19 адамға дейін), Жамбыл (4-тен 14 адамға дейін), Батыс Қазақстан (2-ден 5 адамға дейін), Қызылорда облыстарында (5-тен 12 адамға дейін), Нұр-Сұлтан қаласында (10-нан 14 адамға дейін), Шымкент қаласында (4-тен 5 адамға дейін) артты.
Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (183 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (124 адам), Ақтөбе (91 адам), Павлодар (87 адам), Қостанай (82 адам), Түркістан (56 адам) облыстарында және Алматы қаласында (69 адам) сақталуда.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар