06 Мамыр, 2010

“ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІГІМ!”

1047 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АКЦИЯСЫ ОҢДЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен өткен жылы “Туған жер – алтын бесігім” ак­ция­сы өмірге келіп, ол көпшіліктен тиісті бағасын алған болатын. Жақында осынау өміршең бастама жалғасын тауып, оны мемлекеттік қыз­меткерлер бастап кеткен еді. Осылайша облыстық прокуратура, ішкі істер және кедендік бақылау департаменттерінің қызметкерлері аталмыш акция бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Екі сағат бойы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналғандарды ән мен күйге бөледі. Кедендік бақылау департаментінің қызметкері Қайрат Базаров “Туған жер” атты өле­ңін тамылжытып шырқаса, ішкі істер депар­та­менті­нің 45 адамнан тұратын хоры әскери-пат­риоттық әндердің бірінен кейін бірін орындады. Ал облыстық прокуратураның офицері Дархан Козуб “Алға, қазақ жігіттері” әнін орындаған кез­де жиналғандар ризашылықпен қол соқты. Қа­лалық МАИ бастығының орынбасары Еркін Әнуарбеков шырқаған “Ал­ғашқы махаббат” әніне, облыстық прокуратураның “Көз тимесін” КТК құрама командасының өнеріне көпшілік риза болды. Акцияға облыс әкімі Б.Сапар­баев, облыстық прокуратура, кедендік бақылау, ішкі істер департаменттерінің басшылары Қ.Төлегенов, Ұ.Жаңабаев, Қ.Қа­сы­мов қатысты. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН.
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қалай оқытамыз?

Қоғам • Бүгін, 09:05

Тыңғылықты жұмыс

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қызметі тегін емхана

Алматы • Бүгін, 08:55