Қоғам • 25 Қазан, 2021

Бір аптада 3 125 қылмыс жасалды – ІІМ

45 рет көрсетілді

Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 125 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Бір апта ішінде 3 125 қылмыс жасалды. Оның 2 102-сі тәулік ішінде ашылды», деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында.

Ресми өкілдің дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 453 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескенін, кездесу Маттео Мекаччидің Нұр-сұлтан қаласына арнайы сапары аясында өткенін атап өтті.

«Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты», деді ол.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алтын қоры өсті

Экономика • Бүгін, 09:35

Бір тәулікте 683 науқас тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:19

Халықты ревакциналау тәсілі өзгерді

Коронавирус • Бүгін, 09:15

Балық па, әлде жылан ба?

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Үздік шетелдік ойыншы атанды

Теннис • Бүгін, 09:04

Індет кезінде тыныштық та ем

Коронавирус • Бүгін, 09:02

Ташкенттегі жарыс табысты басталды

Ауыр атлетика • Бүгін, 09:01

Ұшақ билеттері қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 08:51

Ұқсас жаңалықтар