Шымкент қаласында «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» тақырыбында екі күнге жоспарланған халықаралық кездесу жиыны өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қатысуымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Кездесуге Орталық Азия елдерінің белгілі тарихшылары мен археологтары, Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшылары, Auezov University ғалымдары қатысып, қаламыздың Ұлы Жібек жолы тарихындағы рөлін, оның Орталық Азия картасындағы бірегейлігін және Шымкенттің тарихи нысандарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін талқылайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әлия Байсабаева, «Жібек жолы» жобасының үйлестірушісі, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығының Азия-Тынық мұхиты секторының басшысы Фенг Джинг қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жиында қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударма жүргізілуде.
Бүгін «Шымкент қаласының тарихи ретроспективасы және болашағы», «Жібек жолының тарихи мәдени кеңістігіндегі Шымкент» және «Шымкент қаласының археологиясы, этнографиясы, музейтануы мәселелері» тақырыптарында үш пленарлық сессия өтеді.
26 қазан күні Ферғана-Сырдария сегментіндегі көп ұлтты Жібек жолы номинациясы сарапшыларының кездесуі және Шымкент аумағындағы нысандарды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша вебинар жоспарланған. Оның нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындылар мен нысандарды беделді тізімге енгізу бойынша ұсыныстар жасалады.
Айта кетсек, жиынға қатысушылар «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне барып, музейлендіру, консервациялау және реновациялау жұмыстарымен, ескі қаланы дамыту жобасымен танысты. Сонымен қатар, қонақтар «Бес қару» этнофестивальінің ашылуына қатысып, суретші Саид Атабековтың қару-жарақ көрмесі мен фотоэкспозициясын тамашалады.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар