Қазақстан • 26 Қазан, 2021

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бекітілді

1011 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бекітілді

Жобаның мақсаты - ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдердің сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде):

  1. Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту - халықты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына тарту, патриотизм сезімін арттыру;
  2. Мәдениет объектілеріне бару санын ұлғайту;
  3. Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру;
  4. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;
  5. Жастар арасында волонтерлік мәдениет деңгейін арттыру;
  6. NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуі;
  7. Жастардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуы үшін жағдай жасау.

Күтілетін экономикалық тиімділік - «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде меценаттардың инвестициялар көлемі - 7,2 млрд теңге; мәдениет объектілерін салу және жөндеу кезінде 7 036 жұмыс орнын құру (тұрақты - 777, уақытша - 6 259).

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі:

  • 2021 жыл - 27 797 417 мың теңге;
  • 2022 жыл - 26 695 141 мың теңге;
  • 2023 жыл - 23 416 984 мың теңге;
  • 2024 жыл - 20 781 813 мың теңге;
  • 2025 жыл - 20 683 911 мың теңге;

Барлығы - 119 375 266 мың теңге.

Құжат бірнеше міндеттерді шешуді қарастырады, атап айтқанда:

  • Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту;
  • Мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау;
  • Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру,
  • Отандық мәдени өнімді танымал ету;
  • Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;
  • Жастарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру.

Ұлттық жобаны іске асыру 2025 жылға дейін көзделеді.