Қоғам • 27 Қазан, 2021

Биыл елімізде карантин шараларын бұзғандарға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтар 1 қаңтар мен 25 қазан аралығында 198 930 рейд жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елімізде карантин шараларын бұзғандарға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Бақылау барысында 1 042 798 нысан тексерілді. Оның арасында 29 215 нысанда карантин шаралары бұзылған (2,8 %).

Кемшіліктердің басым бөлігі ШҚО-да (5 526), Түркістан облысында (4 628), Алматы қаласында (4 207), Нұр-Сұлтанда (2 891), Шымкентте (2 583), Қарағанды облысында (1 782) анықталды.

Мынадай карантин шаралары жиі бұзылған: ШОБ субъектілері уақытша жұмыс режимін сақтамаған, кафелер мен мейрамханаларда түрлі бұқаралық іс-шаралар заңсыз өткізілген, қонақтар мен қызметкерлер қарапайым санитарлық ережелерді елемеген.

Мониторингтік топ 4 218 мәрте жоспардан тыс тексеру жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша өңірлік департаменттердің қызметкерлері 3 887 ұйғарым берді, 410 материал сотқа жіберілді, ал 118 нысанның қызметі тоқтатылды.

Карантин кезеңінде шектеу шараларын бұзғаны үшін 26 140 ШОБ субъектісі жауапкершілікке тартылды.

15 839 заңды және 10 301 жеке тұлғаға жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды.