«Соңғы 4 айда елімізде әкімшілік соттар 2200-ден астам шешім шығарса, олардың жартысына жуығында азаматтар жеңіске жетті. Бұл көрсеткіштер Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске негіз болған басты принциптердің тиімділігін дәлелдейді», деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин.

Әкімшілік соттардың міндеті – мемлекетпен дауларда заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау болса, соттың белсенді рөлі, құқықтардың басымдық қағидаты, мемлекеттік органдардың өз актілерінің немесе әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу міндеті, құқықты қорғау – басты қағидаттары болып саналады. Жаңа процестің негізгі ерекшелігі – әкімшілік органмен немесе оның лауазымды тұлғасымен татуласу мүмкіндігі екенін айтып өткен Қ.Мусин: «Бұрын егер адам мемлекетпен дауласса, ол көбінесе ұтылатын. Жеңген күннің өзінде бұл көрсеткіші 15 пайыздан аспайтын еді. Қазіргі кезде халық пен мемлекеттік органдар өкілдері татуласуды таңдайтынын байқап отырмыз. Өткен 4 айда 546 іс тараптардың татуласуымен аяқталып, судьялар 546 бітімгершілік келісімін бекітті. Олар бойынша мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар азамат құқығын іске асыру туралы мәселеге қайта оралды және азаматтың құқықтарына нұқсан келтіретін өз актілерінің күшін жойды», деді.
Сот жүйесі үшін ең басты мақсат – қоғамның сотқа деген сенімін арттыру екенін атап өткен Жоғарғы соттың ресми өкілі Айдос Сәдуақасов 2018 жылдан бастап сот жүйесіне жобалық менеджмент элементтері енгізілгенін атап өтті. «Ең алдымен, сот ұйым ретінде қарастырылды. Кез келген ұйым секілді онда да 3 кезең бар: «кіріс – процесс – шығыс». Кіріс – сотқа түсетін істер, жаңа судьялық кадрлардың келуі, соттардың инфрақұрылымы мен сервисі, процесс – сот ісін жүргізу кезеңі. Шығыс – қорытынды сот актілері. Сарапшылармен бірлесіп, осы үш кезең бойынша жан-жақты, егжей-тегжей талдау жүргізілді», деген ол сот жүйесінде болатын өзгерістерге де жан-жақты тоқталды. Мәселен, қылмыстық процесс бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі енгізілуде: тергеу, прокуратура, сот. Мұндай модель азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға және заңсыз қудалаудан құтқаруға мүмкіндік береді. Ең басты міндет – айыптау мен қорғаудың арасындағы шынайы жараспалылықты қамтамасыз ету. Осы орайда жаңа тәсіл бойынша сотқа қазіргідей барлық істі емес, тек айыптау актісі мен қорғау актісін беру ұсынылады.
«Сонымен қатар қазіргі таңда соттарды қаржыландыру жүйесі қайта қаралып жатыр. Парламентте қаралып жатқан заң жобасына сәйкес соттардың бюджеті бұдан былай абсолютті цифр тұрғысында емес, барлық мемлекеттік органға бөлінетін шығынның пайыздық үлесі түрінде анықталатын болады. Енді сот жүйесі биліктен тәуелсіз болады», деген А.Сәдуақасов Жоғарғы соттың бұл бағыттағы кешенді жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар