Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Кітапхана жұмысын жетілдіру керек

2087 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана - өңірдің мәдени саласын жаңғырту жолында» атты халық­ара­лық форум өтті. Жиынға Мәскеу, Новосібір, Барнаул, Моң­ғо­лияның Баян-Өлгей аймағының және жергілікті өңір­дің кітапханашылары қатысты. Онлайн форматында өткен жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналды.

Кітапхана жұмысын жетілдіру керек

Ал кітапхана директоры Шол­­пан Шахметованың айтуын­ша, халықаралық маңыздағы ру­хани шара өткізудегі мақсат – елі­міз­дегі кітапхана саласына де­ген жа­ңаша көзқарасқа сай өңір­дегі кітапхана қызметін заман өзге­рісіне бейімдеу. Яғни жаңаша бейімделу барысын, ауыл-қала кітапханаларындағы өзгеріс­тер­ді басқа да әріптестерімізбен бө­лісіп, өзге елдердің үлгілі үрдіс­терін үйре­ніп, тәжірибе алмасу.

Өйткені кітапханашыларды да толғандырған мәселелерді ор­таға салу, бірлесіп талқылау қа­жет-ақ. Бүгінде кітапханалар жұ­мысын жаңғырту, бірыңғай кітапхана қауымдастығына бірі­гу, электронды кітапхана қорын толықтыру мақсатында цифрландыруды енгізуге байланысты мә­селелер жеткілікті.

Сонымен қатар қазір кітапха­нашы мамандығының уақы­ты кетіп қалғандай, мысалы, кі­тапханашылардың орта жасы 40-50-ден асқан. Жастарды кі­тапханаға тарту қажеттілгі де бар.

Бүгінде елімізде «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізіліп, кі­тапхана ісінің арнайы тұжы­рым­дамасы да әзірленді. Осы құ­жатта кітапханаға қатысты бар­лық мә­селе қамтылған. Сала қалай да­миды, стратегиясы, маңызы мен міндеттері осы құжатқа енгі­зіл­ген.

– Заманауи кітапха­на­лар­дың талаптары заман ағы­­мына қа­рай өзгеріп ке­ле­ді, сон­­дықтан да кітапхана кі­тап қоры ретінде ға­на емес, әлеу­­меттік сипаты ба­сым руха­ни орталық ретінде қыз­мет көр­се­туі қажет. Қазір облыс­тық кітапха­нада Web-РАБИС бағ­дарла­ма­сы­ның 5 модулі де, яғни «Кі­­тап қорын толықтыру», «Ката­­логизатор», «Іздеу және тап­сы­­рыс беру», «Кітап беру» жә­не «Оқырмандарды тіркеу» жү­йелері көпшілікке қызмет көр­сетуде. Өлкетану жайындағы әде­­биеттерді сандық жүйеге кел­ті­ріп, сирек және бағалы кітап­тар­дың электронды коллек­ция­­лары дайындалды, – дейді кітапхана директоры.

Сонымен бірге интернет жү­йе­сін пайдаланып, бейне­кон­фе­ренциялар, онлайн режі­мінде вебинарлар өткізу дәс­түрге айналуда. Республика және елден тыс жерде өтетін шараларға қа­шықтан қатысу арқылы оқыр­ман­дарға керекті ақпараттар алы­нуда.

Ал Л.Толстой атындағы Қос­танай облыстық кітапханасы­ның ғылыми хатшысы Шолпан Сандыбаеваның айуынша, не­гіз­гі мақсат – тәжірибе алмасу. Қазіргі таңда кітапханаларға жүк­телген жұмыс өте ауқымды. Кітапхана жұмысын заманауи тұрғыда жан-жақты жетіл­діру, кітапханашылардың білік­тілігін арттыру – заман тала­бы. Сондықтан цифрландыру қо­ғамында өмір сүріп отыр­ған­дық­­тан, кітапханалар қауым­дас­тығының бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Әрбір өңір өзіндік ерек­шеліктерін, құндылықтарын сандық нұсқаға аударуы керек, ұлы есімдерді анықтауда сандық жүйенің артықшылықтарын пайдалануымыз қажет.

Жиында кітапхана қызме­тін жетілдіруде заманауи техно­ло­гиялардың әлеуеті, кәсіби ска­нерлердің жеткілікті болуы, ұялы телефондар арқылы кітапхана қызметін пайдалану тетіктерін же­тілдірудің, яғни онлайн кі­тапха­наларды дамыту жайла­ры ай­тылды. Әсіресе, балалар­ға қа­­жетті кітаптардың жеткілік­ті бо­луы, аударма кітаптардың ауыл, қалаға жетуі, сапалы болуы қажет.

Мәскеудегі Еуразия кітапха­налар қауымдастығының бас дирек­торы М.Нерюева, Моң­ғолия елінен Ақтан Бәбиұлы атын­дағы Баян-Өлгей орталық кітапханасының директоры Ал­тынгүл Дәлелқызы, Нұр-Сұл­тан қаласындағы Ұлттық акаде­миялық кітапхананың бас директоры Ү.Мұңалбаева, Алматы­дағы ұлттық кітапхана бас ди­рек­то­ры Б.Оспанова, облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас­шы­сы Самал Бегалинова, Ново­сібір, Омбы, Барнаул қалаларын­дағы орталық кітапхана басшы­лары сөз сөйлеп, екі елге ортақ ­жал­­пы кітапхана қызметіндегі мәсе­ле­лер­ге тоқталды.

Қазір облыс бойынша 231 кі­тапхана болса, оның 201-і ауыл­дарда. Орталық кітапхананың 23 мыңнан астам оқырманы бар. Кітапхана қызметін жаңа заманға сай жаңарту жолына түсіруді ауылдардан бастау қажеттігі де түсінікті.

Жергілікті тұрғындарға кі­тапхана қызметі толық қол­жетімді, тиімді болу барысында «Кітапханатерапия» жоба­сы іске асты. Бұл жобаның не­гіз­гі мақсаты – кітапты әр оқыр­манға жеткізу. Қызметтің қол­жетімділігі артады, сұраныс­тар­ды уақытында және жедел орындау мүмкіндігі туады, ақпа­раттылығы және мазмұнының тереңдігі артады деген сенім бар.

Жастарға арналған ZhaStar жобасы шеңберінде кітапхана барлық топтағы жасты бірік­тіріп, олардың әр саладағы, өнер­дегі, ғылым және бизнестегі же­тіс­тіктерін көрсетуде. Қа­зір­гі кі­тапханалар түбегейлі өзге­ріс­терге бейімделуде. Ақпа­рат­­тық за­ман кітапханаға да жа­ңа мін­деттер мен мақсаттар жүк­теуде.

– С.Торайғыров атындағы об­лыстық кітапхана үлкен ма­ңызға ие тарихи орын. Біз әр өңірдегі кітапханалардың жұ­мыс сапасын арттыру арқылы мә­дениет­ті, тәрбиелі, білімді аза­­маттар тәр­биелеуге үн қо­са­­мыз. Шолпан Баянқызы бас­қарып отырған об­лыстың бас кі­тапханасы жақ­сы қызмет істеу­де, – деді Ұлттық ака­­демиялық кітапха­наның бас директоры Үміт­хан Мұңалбаева.

Халықаралық форум барысында қатысушылар шеберлік сағаттарына, тренингтерге, әдеби кездесулерге, әртүрлі бағытта ұйым­дастырылатын секцияларға қатысуға мүмкіндік алды.

 

Павлодар облысы