Әлем • 15 Қараша, 2021

Ұйы­­м бар мүмкіндікті пайдалануға тиіс

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ыстанбұлда Түркі­тіл­дес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесіне (Түркі кеңесі) мүше елдердің дип­ломатия басшыларының кездесуіне қа­ты­сушылар алдында сөйлеген сөзінде ын­тымақтастықтың кемел келешегі үшін бар мүм­кін­дік қолданылатынын мә­лім­де­ді.

Ұйы­­м бар мүмкіндікті пайдалануға тиіс

Morning Express Үндістан агент­ті­гінің жазуынша, саммитке қа­тысқан Сырт­қы істер министрлері бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Түрік дипломатиясының басшысы Әзербайжанды 44 күнге созылған со­ғыс­тағы жеңісімен тағы да құт­тық­тап, Бакудің ұйымға төрағалық ету нә­ти­желеріне қанағаттанатынын біл­дір­ді.

Түркітілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастық кеңесінің VIII саммиті Ыс­тан­бұл қаласының оңтүстік-шығы­сын­да Мәрмәр теңізінде орналасқан Демократия және бостандық аралында өтті.