Бұйрық қағидалары ақталған адамдарға куәліктер беру тәртібін көздейді.
«Куәлік саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамға өзі не уәкілетті органға өкілі арқылы өтініш бергеннен кейін беріледі», делінген құжатта.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- Жеке басты куәландыратын құжат;
- Ақтау туралы анықтама немесе сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;
- Өкіл арқылы жүгінген жағдайда оның өкілеттігін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті тіркеу ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады.
Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге куәлік беруді есепке алу журналына белгі қоя отырып, куәлік береді. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда ақталған адам уәкілетті органға өтінішпен жүгінуі керек.
Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің телнұсқасын береді.
Ақталған адамдарға куәліктер беру жөніндегі уәкілетті орган аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары болып табылады.
Бұйрық жобасы 29 қарашаға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.