
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы арнаулы сессиясының қатысушыларына ілтипат білдіріп, COVID-19 пандемиясына қарсы күрестің аса маңызды екенін атап өтті. Арнаулы сессия ДДСҰ тарихында екінші рет өткізіліп отыр. Бұл аталған проблеманың өзектілігін көрсетеді.
«ДДСҰ қоғамдық денсаулық сақтау жолындағы осы аса күрделі жаһандық күресте жетекші рөл атқарды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі және олардың денсаулық сақтау жүйелері ауыр жағдайды бастан өткерді және қиындық әлі де жалғасып жатыр. Коронавирустың жаңа әрі қауіпті штамдары әлем бойынша тез тарала бастағандықтан, алдағы апталарда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны айтарлықтай өседі. Жуырда Оңтүстік Африка ғалымдары анықтаған «Омикрон» штамы жаңа қауіп төндіріп отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, пандемия халықаралық қатынастарда көптеген кемшілікті анықтаған. Сондай-ақ дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдары барлық деңгейдегі әлеуметтік құрылымдарды жан-жақты қайта зерделеуге мәжбүрледі. Пандемия ынтымақтастыққа және биологиялық сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдардың мейлінше тиімді жүйесіне негізделген жаңа жаһандық әдіс керек екенін көрсетті.
«Ең алдымен, індет алдында бізді дәрменсіз қылған кемшіліктерімізді жою қажет. Сондықтан біз осы Арнаулы сессияға бір ғана мақсатпен, яғни ДДСҰ конвенциясын әзірлеу қажеттігі мен оның тетіктерін немесе пандемияға және оған төтеп беруге дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық құжатты қарастыру үшін жиналып отырмыз. Дайындық жұмыстары мен баяндамалары үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-отырысының жұмыс тобына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Қазақстан пандемияға дайындықты арттыруға және тиісті шараларды қабылдауға бағытталған ДДСҰ конвенциясына жолданған ұсыныстарды қолдайды», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ДДСҰ-ны толық қолдайтынын атап өтіп, бұл ұйымды сенімді әріптес ретінде қарастыратынын айтты. Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастықтың коронавирусқа қарсы күресіне Ұйымның Бас директорының қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.
«Қазіргі пандемия денсаулық сақтау саласындағы ерекше төтенше жағдай болып саналмайды. Дағдарыс мемлекеттердің және ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің ішкі құрылымдық кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, жаһандық деңгейдегі күрделі әрі қордаланған теңсіздіктерді айқындап берді. Сондықтан Қазақстан вакциналардың әлем бойынша әділ таратылуын қолдайды және оған белсенді түрде атсалысады. Біз 2022 жылдың ортасына қарай жаһандық вакциналауды қамтамасыз ету жөніндегі ДДСҰ-ның COVID-19 індетіне қарсы стратегиясын толық қолдаймыз», деді Президент.
Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына QazVac вакцинасының әзірленуі және оның жаңа «Дельта» штамына қарсы сәтті модификацияланғаны жөнінде айтты. Қазақстандық вакцина өзінің тиімділігін елімізде ғана емес, Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінде дәлелдеді.
Кез келген ауыл немесе қаладағы сияқты жаһандық деңгейдегі біздің өркендеуіміз, игілігіміз денсаулық жағдайымызға байланысты. Ал біздің денсаулығымыз ынтымақтастыққа және ортақ сын-қатерге үйлесімді төтеп беруге байланысты. Мен барлық елді көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясына бірігуге шақырамын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Ұқсас жаңалықтар