08 Мамыр, 2010

“ТҰЛПАР” КӨКШЕТАУҒА ДЕЙІН ЖҮЙТКИТІН БОЛДЫ

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30 мамырдан бастап жұртшылық көңілінен шыққан заманалық “Тұлпар” пойызы Көкшетау мен Алматының ара­сын жалғастыратын болды. Бұл туралы “Қа­­зақстан темір жолы” ұлттық компа­ния­­сы” АҚ Ақмола жол бөлімшесінің ди­ректоры Вячеслав Миронов хабарлады. Бұл астаналық облыс тұрғындарын айрықша қуанышқа бөлеген оқиға болмақ. Өйткені, бұрын оңтүстік астанаға жету оңайға түспейтін. Көкшетаудан түнгі 3-те аттанатын №16 “Петропавл-Алматы” жүрдек пойызы жолаушыларға қолай­сыздық туғызатынын былай қойғанда, ол Алматыға алып баратын жалғыз көлік еді. — Енді бұл проблема оң шешімін табады, — дейді В.Миронов. Жерлестері­міз жи­ырма вагоннан тұратын, барлық қолай­лы жағдайлар қарастырылған “Тұлпар” пой­ызымен Алматыға небары 15 сағатта жетіп барады. Ал, №16 жүрдек пойызы бұл қа­шықтыққа екі есе артық уақыт жұмсайтын. Ақмола темір жол бөлімшесінің бастығы жолаушыларға арналған тағы бір жаңалықты жеткізді. Алдағы кезде Алматы бағытына қосымша екі пойыз жүретіні жоспарланыпты. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.
Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Бүгін, 22:32