Осыдан бір жыл бұрын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездескенде ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы Қарағандыда «Қасым үйін» ашу жөніндегі идеясын айтқан болатын. Сонда өңір басшысы бұл бастаманы қызу қолдап, оны іске асыруға уәде берген еді, деп жазады Egemen.kz.

Енді міне, кеншілер астанасының төрінде «Қасым үйі» пайда болып, оның ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатқа Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі жазушы, өлкетанушы Кәмел Жүністегі, ақындар Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы және ғалым Қойлыбай Асанов арнайы келіп қатысты.
Қасым үйінің ашылу салтанатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек дауылпаз ақынның артында қалған шығармашылық қазынасының ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалу керектігін атап өтті.
– Қасым Аманжолов – қазақ әдебиетінің інжу-маржаны. Биыл ақынның туғанына 110 жыл толды және жыл бойы біз облыс бойынша осы мерейтой аясында 500-ге жуық түрлі іс-шара өткіздік. Атап айтқанда, Қарағандыда ақынның ескерткіші орналасқан көшеге Қасым Аманжоловтың есімі берілді. Облыста «Қасым» журналы шығарылады, онда еліміздің танымал әдебиетшілерінің шығармалары жарияланып тұрады. Жыл сайын Аманжолов оқулары, ғылыми-практикалық конференциялар, айтыс-мүшәйралар, поэзия кештері өткізіледі. Таяуда біздің өнерпаздарымыз елорда төрінде ақынның құрметіне үлкен концерт ұйымдастырды. Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында «Рақымжанның Қасымы» қойылымының премьерасы өтті. Ал енді, бүгінгі Қасым үйінің ашылуы қарағандылықтар үшін өте маңызды және айтулы оқиға болды деп сеніммен айта аламын, – деді өңір басшысы.
Бұдан кейін ақындар Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай және жазушы Кәмел Жүністегі сөз сөйлеп, Қасым үйінің ашылуына жоғары баға беріп, мұндай игі шаруаны сәтімен жүзеге асырған облыс басшылығына ризашылықтарын білдірісті. Ал Маралтай Райымбекұлы дауылпаз ақынның рухына арнап өлең оқыды.
Есігін айқара ашқан Қасым үйінде ақынның мұражайы бар. Онда Қасым Аманжоловтың сирек кездесетін қолжазбалары, кітаптары мен жеке заттары және фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар, ғимарат ішінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының облыстық филиалдары, Серік Ақсұңқарұлы атындағы бөлме, «Қасым» журналының редакциясы, сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметі де орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, Қасым үйінің Қарағандыдағы шығармашылық иелерінің бас қосып, тілегін бір мақсаттың жолына жұмылдыратын киелі шаңырағы болатын түрі бар.
Салтанатты сәтте ақын Серік Ақсұңқарұлы Қасым үйі нағыз зерттеу орталығы, шығармашыл және ойшыл жастарды бауырына тартатын құтты ұя болатынына сенім білдірді.
– Қарағандыда Қасым үйінің ашылуы ұлттық рухты, сананы жаңғыртуды айғақтайтын тарихи оқиға. Бұл үй Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, оны жаңа қырынан танитын нағыз зерттеу орталығы болады деп үміттенемін, – деді идея авторы Серік Ақсұңқарұлы.
Бұдан бөлек, іс-шара барысында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жанындағы «Қасым тағылымы» орталығының ақынның мұрасы туралы баяндайтын екі томдығы мен Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлының «Ойтамған» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың филология факультетінің деканы Елдос Түйте аталған орталықтың ұзақ уақыт бойы Қасым Аманжоловтың шығармашылығы мен өмірін зерттеп келе жатқанын баян етті.
– Ғалымдарымыз экспедиция құрамында Алматы, Орал және Семей қалаларында болды. «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған өлеңдері мен публицистикалық мақалаларын Орал мұрағаттарынан тапты. Алматыда Аманжоловтың қызы Дариға бізге сирек қолжазбалар мен жеке заттарын сыйға тартты. Ол, сондай-ақ, бізге ұзақ жылдар бойы жасаған картотеканы берді. Онда ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы барлық мәліметтер қамтылған. Биыл біз Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығының библиографиясын және төрт бөлімнен тұратын «Қасым тағылымы» жинағын шығардық, – деді Е.Түйте.
Кездесу соңында мәртебелі меймандар Қасым Аманжолов шығармашылығын одан әрі зерттеу, оны насихаттап, мол мұрасын өскелең ұрпақтың санасына жеткізіп, қолына тапсыру мақсатында бірлескен жұмыс идеяларымен бөлісті. Ақын-жазушылар мен ғалымдар құнды пікірлері мен ұтқыр ұсыныстарын ортаға салып, тағылымды іс-шараның маңызын арттыра түсті.
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Ұқсас жаңалықтар