06 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №19

219 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
2014 жылғы 21 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнiң ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысына қосымшаның 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы №19 қаулысымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суас­ты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) рұқсаттамалар беру тәртібін айқындайды. 2. Барлық адамдар порттан (орналасу пунктінен) шыққанда, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында болған кезде және қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерде (құралдарда) және мұз үстімен жылжитын құралдарда портқа (орналасу пунктіне) оралған кезде Шекара қызметі өкілдерінің талабы бойынша Шекара қызметінің әскери бөлімі беретін рұқсаттамаларын, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру үшін береді. 2. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру тәртібі 3. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашылар) рұқсаттамалар алу үшін Шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оған адамдар тізімін (бұдан әрі – тізім) қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну (бұдан әрі – ұсыну); 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға өтініші (бұдан әрі – өтініш); 3) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру құжаттарының көшірмелері; 4) өздігінен жүзетін шағын көлемді кеме (құрал) иесінің (жалдаушының) оны басқаруға құқық беретін куәлігінің көшірмесі және жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті. 4. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар мемлекеттік органдар және ұйымдар Шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде қосымша: 1) жобаның сипаты және мақсаты; 2) кемелердің атауын, типін және сыныбын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар; 3) ғылыми жабдықтың сипаттамасы; 4) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық деректер; 5) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күн; 6) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беруге міндетті. 5. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды (өтінішті) одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады. 6. Тізімдерді заңды тұлғалар үшін – олардың басшылары, жеке тұлғалар үшін – азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдар жасайды. Ұйым басшылары немесе жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қол қойған тізімдер үш данада (2 дана – Шекара қызметі үшін, 1 дана – бастамашыға) жасалады. 7. Ұсынулар мен өтініштер Шекара қызметінің әскери бөліміне бастамашылармен енгізер алдында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелеріне екі жұмыс күні ішінде келісуге жіберіледі. Келісу мерзімдері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық бөлімшелерінің тізімдерді алған сәтінен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. 8. Шекара қызметі әскери бөлімінің ұсынуларды қарау және рұқсаттаманы беру мерзімі бастамашының Шекара қызметінің әскери бөліміне ұсынуды енгізген сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды. 9. Рұқсаттаманы беруді, учаскесінде қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөлімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады. 10. Рұқсатта кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсатының қолданылу мерзімін ескере отырып, ұсынуда (өтініште) көрсетілген мерзімге беріледі, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауы тиіс. 11. Егер рұқсаттама не рұқсаттамалар беруден бас тарту осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімде ұсынылмаса, онда оларды беру мерзімі өткен күннен бастап заңды және жеке тұлғалар Шекара қызметі әскери бөлімінің жоғары тұрған басқару органына жазбаша өтініш жібереді. 12. Рұқсаттама жоғалған (бүлінген) жағдайда, бастамашылар осы рұқсаттамалар берген Шекара қызметінің әскери бөліміне рұқсаттамаларды қайта беру туралы жазбаша өтінішхат, сондай-ақ рұқсаттамаларды жоғалту фактісі бойынша жазбаша түсініктеме береді. Шекара қызметінің әскери бөлімі күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жазбаша өтінішхатты қарайды және рұқсаттаманы қайта беруді жүзеге асырады. 13. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, аумақтық сулар (теңіздер) және ішкі сулар режимін, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда, Шекара қызметінің әскери бөлімі оларға берген рұқсаттамаларды алып қояды. 14. Рұқсаттаманы беру жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суас­ты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабына қол қойғыза отырып жүзеге асырылады. Рұқсаттаманың қолданылу мерзімі өткеннен кейін бастамашы оны рұқсаттаманы берген Шекара қызметінің әскери бөліміне тапсырады. Бастамашының қолданылу мерзімі аяқталған рұқсаттаманы Шекара қызметінің әскери бөліміне қайтармауы оларға келесі күнтізбелік жылға арналған рұқсаттама беруден бас тартуға негіздеме болып табылады. 15. Рұқсаттама бланкілерін жасау Шекара қызметінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына 1-қосымша НЫСАН Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну 0000 әскери бөлімінің командиріне (командиру воинской части 0000) ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ) Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын______________________________ (Прошу выдать пропуск на выход в море) ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (фамилия, имя, отчество) Мақсаты (с целью) _______________________________________________________ Уақыты (время) __________________________________________________________ Ауданында аумақтық суларда болу (нахождение в территориальных водах в районе) _____________________________ ________________________________________________________________________ Жүзу құралының түрі (тип плавсредства)_______________________________________ Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) ____________________________________________________ Жұзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства): ___________ ________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға) қоса берілген тізімге сәйкес саны _____ дана рұқсаттама (Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно прилагаемому списку в количестве ______ пропусков) ________________________________________________________________________ Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі (К представлению прилагаются следующие документы) ________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ лауазымы (должность) қолы (подпись) __________________ _______________________________ (күні, айы, жылы) (дата, месяц, год) М.О. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына 2-қосымша НЫСАН Жеке тұлғалардың қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға өтініші 0000 әскери бөлімінің командиріне (командиру воинской части 0000) ӨТІНІШ (ЗАЯВЛЕНИЕ) Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын (Прошу выдать пропуск на выход в море) Ауданында аумақтық суларда болу (нахождение в территориальных водах в районе) __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ____________ ___________ мерзімге дейін ( на срок) с ____________по_____________ Жүзу құралының түрі (тип плавсредства)_________________________________________ Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства)_____________________________________ Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства)_______________ ___________________________________________________________________________ Мақсаты (с целью)_____________________________________________________________ Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (о себе сообщаю следующие сведения) Тегі (фамилия) _______________________________________________________________ Аты (имя) ___________________________________________________________________ Әкесінің аты (отчество) _______________________________________________________ Туған жылы мен жері (год и место рождения)_____________________________________ Жұмыс орны (место работы)___________________________________________________ ұйым атауы мен лауазымы (наименование организации и должность) Тұрғылықты жері (местожительство)_____________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность) № _____________________ «______»__________20__ ж. ____________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы мен күні (дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность) қолы (подпись)____________________ күні, айы, жылы (дата, месяц, год)_______________ Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына 3-қосымша НЫСАН Қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты), оның ішінде шағын көлемді кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №___ (корешок пропуска) (выдан)_______________________ берілді (жителю)____________________________ тұрғыны 20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешён выход в море и внутренние воды в 20__ году) Ауданның аумақтық суларында болу (нахождение в территориальных водах в районе) Жол жүру бағыты ____________________ (маршрут следования) Теңізге шығу мақсаты _________________ (цель выхода в море) Шығу уақыты ________________________ (время выхода) Келу уақыты _________________________ (время пребывания) Жүзу құралының түрі__________________ (тип плавсредства) Жүзу құралының тіркеу №_____ (рег. № плавсредства) Жұзу құралының тіркелімге алыну орны _______________________________ (место приписки плавсредства): Негіздеме ___________________________ (основание) Берілген күні ________________________ (дата выдачи) 0000 ә/б «_________» заставасының бастығы (начальник заставы «_________» в/ч 0000) ______________ __________________ М.О. РҰҚСАТТАМА №___ (пропуск) (выдан)______________________ берілді (жителю) _____________________ тұрғыны 20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешён выход в море и внутренние воды в 20__ году) Аумақтық сулардан тыс ауданда болу (нахождение в территориальных водах в районе) Жол жүру бағыты _____________________ (маршрут следования) Теңізге шығу мақсаты___________________ (цель выхода в море) Шығу уақыты ________________________ (время выхода) Келу уақыты __________________________ (время пребывания): Жүзу құралының түрі __________________ (тип плавсредства) Жүзу құралының тіркеу № ________ (рег. № плавсредства) Жұзу құралының тіркелімге алыну орны ___________________________________ (место приписки плавсредства) Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды (пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность) № ______ Берілген күні _________________________ (дата выдачи) 0000 ә/б «_________» заставасының бастығы (начальник заставы «_________» в/ч 0000) ______________ ____________________ М.О.   Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына 4-қосымша НЫСАН Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабы РР/с № Рұқсаттама нөмірі Рұқсат-таманың берілген күні Рұқсатта-маның қолданылу мерзімі Т.А.Ә. Жүзу құралының тіркелу орны Алғаны туралы жазба Рұқсатта маны өткізу күні Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына 5-қосымша НЫСАН Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама Қайда_______________________ ___________________________ Кімге_______________________ (бастамашының мекенжайы мен анықтау деректері) ХАБАРЛАМА 20___жылғы __ ______ Сіздің өтінішіңізге ___________________________________________________________________________ ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты, Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз ____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың түрі 0000 әскери бөлімінің командирі __________________________________________________________________________ (лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә.) 20__ жылғы «____» _________ (күні, айы, жылы) М.О.