Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

Жастарға – жайлы жатақхана

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 74 жылдан бері кіші буын мамандарды даярлайтын жоғары медициналық колледж бар. Қазір колледжде 1 365 студент білім алады. Оның ішінде 800-ден астамы – ауылдан келген жастар.

Жастарға – жайлы жатақхана

– Колледжде білім алатын студенттер үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуі мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жастар жылы» шеңберінде жастарды қолдау іс-шараларын жүзеге асыру туралы Үкіметке берген тапсырмасы аясында жаңа жатақхана салынды. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі басты міндет – халық саулығын қорғау және сапалы медициналық қызмет көрсету. Осыған орай өңір медицинасын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылында 65 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілді. Қазір облыста медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші 91 пайызды құрайды, – дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Көпбейінді жоғары колледждің жаңа жатақханасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Мұнда ем қабылдау, оқшаулау, алғашқы медициналық көмек көрсету, өзін-өзі дайындау бөлмелері, сондай-ақ бассейн, фитнес, оқу, мәжіліс залдары, асхана бар. Жатақхананың әр қабатында демалу, кір жуу бөлмелері қарастырылған.

 

Атырау облысы