Президент • 10 Қаңтар, 2022

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев

«Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚҰШ-ға жәрдем көрсету өтінішін жасады. Ол дер уақытында орын алды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарларынан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.