Аймақтар • 16 Қаңтар, 2022

«Қасіретті қаңтар»: 71 адамның жазасы жеңілдетілді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қасіретті қаңтар»: 71 адамның жазасы жеңілдетілді

Берік Жүйріктаев жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілерді ұстау жағдайларын тәуелсіз бағалау үшін адвокаттарға тергеу изоляторына кіру мүмкіндігі берілгенін айтты.

«Прокурорлар Президент тапсырмасына сәйкес ауыр қылмыстары жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша тиісті шаралар қабылдады. Жасалған құқықбұзушылықтарды лайықты бағалаймыз. Осы жағдайларды ескере отырып, қала прокуратурасы 71 адамның әкімшілік жазасын жеңілдетті. Уақытша ұстау изолияторынан 91 адамды босаттық. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», деді Берік Жүйріктаев.

Сондай-ақ, ол қалада терроризмге қарсы операциялардың жалғасып жаьқанын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар