Украина мен Ресей шекарасындағы шиеленісті ахуалды төрткүл дүние бақылап отырғаны белгілі. НАТО Шығыс Еуропадағы әскери техника санын арттырғаны хабарланды. Медиа басылымдарда «Мәскеу көрші мемлекетке басып кіруге дайындалып жатыр» деген мәлімет жиі тарай бастады. Алайда Ресей мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

Көршілес елдердегі жағдай біраз уақыттан бері ушығып келді. АҚШ пен Еуропа елдері бұл мәселеге аса алаңдаулы екенін ашық айтқан. Украина мен Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты НАТО Шығыс Еуропада әскери техника санын арттыру туралы шешім қабылдаған. АҚШ та қарап отырған жоқ. Егер Еуропадағы жағдай одан әрі ушығып, НАТО қорғану керек деп тапса, АҚШ шамамен 8500 америкалық әскеридің дайын екенін мәлімдеді. Одан бөлек Ресейге экономикалық шара қолданатынын ескертіп, санкциямен сес көрсетіп отырғаны тағы бар.
Батыс елдері Мәскеуден жауынгерлерін шекарадан әрі әкетуге шақырып, қажет болса, санкция салуға дайын екендерін жеткізді. Алайда Кремль көрші елге басып кіру туралы мәліметті талай мәрте жоққа шығарып келді. Украина жағына келетін болсақ, жуырда ел Президенті халыққа үндеу жасап, дүрбелеңге бой алдырмауға шақырған.
АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия мен Германия Украинадағы дипломаттары мен олардың отбасы мүшелерін елдеріне қайтару туралы мәселе көтерген. Тіпті кейбірі эвакуация туралы шешім қабылдап та қойды. Ресей тарапының бұл оқиғаға қатысты өзіндік ойы бар. Ресей Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Григорий Карасин Батыс елдерінің елшіліктерін Киевтен эвакуациялау туралы шешімі жағдайды одан әрі ушықтыру үшін жасалған қадам деп есептейді.
The New York Times басылымы Ресей өзінің дипломаттарын Украинадан эвакуациялауға дайындалып жатқанын хабарлаған. Кейіннен Украина мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Еуроодақ өз дипломаттарын елден алып шығуға асықпайтынын жеткізді.
Украина президенті Володимир Зеленский шекара маңында 100 мыңға жуық орыс әскері бар екенін айтса, Батыс елдері Ресей әскерлерінің белсенді қозғалысы туралы ақпаратты Киевке жеткізген. Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚК) отырысынан кейін жасаған үндеуінде Киев Донбасстағы жағдайды реттеу үшін күш салып жатқанын айтты және елдің шығысындағы шиеленістер дүрбелеңге себеп болмауы керек деді. «Барлығы бақылауда. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ», деді В.Зеленский. Украина президентінің айтуынша, билік серіктестермен, дипломаттармен және әскери қызметкерлермен бірге Украинаның шығысындағы жағдайды тұрақтандыру үшін бәрін жасайтынын мәлімдеген. В.Зеленский азаматтарды сабырлы болуға және бәрі құрыды деп байбалам салмауға шақырып отыр.
Расында халық дүрбелеңге түсіп, үрейге берілсе, жағдай одан әрі ушыға береді. Мұндай пікірді Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов та айтқан. Ол BBC-ге берген сұхбатында «халық үрейге берілсе, еліміз үшін ең қауіпті жағдай туады. Өйткені одан әрі манипуляция жасау оңай болмақ, Ресейдің көздегені де осы» деді.
Жалпы, Ресейдің Украинаны шабуылдауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат былтырдан айтылып келеді. Кремль мұндай айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды және Ресей әскерлерінің өз территориясында қозғалғанын, бұлай етуге құқығы бар екенін баса айтты. В.Путин, өз кезегінде, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеуіне заңды кепілдіктер қажет екенін мәлімдеді. Осыдан кейін Женева мен Брюссельде Ресей, АҚШ және НАТО арасында келіссөздер өтті, алайда олар нәтижесіз аяқталды.
Ресей басшысы баспасөз мәслихаттарының бірінде Батыс 1990 жылдары НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймейтінін айтқан ауызша уәдесін бұзды деп айыптаған. В.Путиннің айтуынша, НАТО шығысқа қарай, яғни бұрынғы Кеңес елдерінің есебінен кеңеймеуге уағдаласқан-мыс. Польша, Мажарстан және Чехия НАТО-ға 1999 жылы, Болгария, Румыния, Словакия, Словения және бұрынғы кеңестік Эстония, Латвия және Литва республикалары 2004 жылы қосылды. Ал ұйым көшбасшылары Ресеймен дипломатияға дайын екенін, алайда ұйымға қосылуға ниетті жаңа мүшелерге есігін жаппайтынын ашып айтты.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Украинаның батысқа, батыс ұйымдарына бет бұра бастауы Ресей басшылығының қытығына тиген сынды. Украина Еуропалық одақпен және Ресеймен шектеседі. Алайда бұрынғы Кеңестік республиканың Ресеймен әлеуметтік, мәдени байланысы әлдеқайда терең, орыс тілі де кең қолданыста.
Ресейдің НАТО-ға қойған талаптары белгілі. АҚШ-қа жіберілген қауіпсіздік кепілдігі туралы шарттың жобасында Ресей өз талаптарын жазған. Мәселен, НАТО ұйымына мүше мемлекеттер Украина, сондай-ақ Шығыс Еуропаның, оңтүстік Кавказдың және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің аумағында ешқандай әскери іс-қимыл жасамауға тиіс делінген. Сондай-ақ құжатта Украинаның ұйымға кіруіне тыйым салуды талап етілген. Польша мен Эстония, Латвия және Литва сынды Балтық республикаларынан әскери бөлімдердің шығарылуын, сондай-ақ Польша мен Румыния сияқты елдерде орналастырылған зымырандардың болмауын да сұрап отыр.
Батыс елдері Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда, бұрын-соңды көрмеген экономикалық қиындықтарға, санкцияларға тап болады деп ескертіп келеді. ЕО елдерінің, НАТО мүшелерінің Украинаға қатысты ұстанымы бір болғанымен, осы мәселеге қатысты Германияның нақты шешімге келе алмауына көп сын айтылды. Германия қару-жарақ жіберу секілді шешімдерден тыс қалып, қаржылай көмек беретінін мәлімдеген. Батыс сарапшылары неміс көшбасшысының Ресейге қатысты батыл мәлімдеме жасамауына алаңдаулы. Себебі Германияның жаһандағы рөлі мен ықпалын, кезінде Меркельдің Путинге ашық сөйлеуін еске алған сарапшылар Шольц үкіметінен нақты ұстаным күтетінін айтқан.
Украинадағы жағдайға қатысты Жапония саясаткерлері де үнсіз қалмады. Билеуші партия өкілдері Ресей Украинаға қарсы әскери шабуыл жасаса, экономикалық санкциялар енгізілуі керек деген пікір білдірді. Нақты санкция ретінде Ресейден табиғи газ импортына тыйым салуды ұсынды. Сондай-ақ Жапония билігі Украинадағы дипломаттарын елге қайтару мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеген.
Өткен аптада АҚШ тарапы Ресейдің талаптарын ескере отырып, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жазбаша жауап жіберетінін айтқан. Қазір Батыс пен Ресей Украинада әскери қақтығысты болдырмаудың, қауіпсіздік саласындағы ірі дағдарыстан шығу жолын өздерінше қарастырып жатқанына қарамастан, соңғы жаңалықтар ахуал ушығып жатқандай әсер қалдырады.
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Спорт • Бүгін, 08:50
Швейцариядан да ұпай ала алмады
Хоккей • Бүгін, 08:49
Қаратау бөктеріндегі «Қымызмұрындық»
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Студенттер кеңес беру жобасына қатысады
Білім • Бүгін, 08:42
Ұқсас жаңалықтар