Әлем • 04 Ақпан, 2022

Сириядағы АҚШ операциясы

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирияның Идлиб провинциясында АҚШ-тың арнайы операция күштері жүргізген рейд нәтижесінде 13 адам қаза тапты. Олардың ішінде 6 бала бар.

Сириядағы АҚШ операциясы

Түнгі рейдтің негізгі нысанасы Атма­дағы ғимарат болған. Сирия­ның солтүстік-батысында орналасқан, Түркия­­­мен шекаралас қалада он мың­даған адам тұрады. Олардың бар­лығы – елдегі соғыс салдарынан қашып кел­ген. Дегенмен дәл нысана­дағы ғи­ма­рат­ты кімдер паналағаны туралы нақ­ты ақпарат жоқ. Расталмаған дерек­көздер АҚШ әскері «әл-Каида» мүшесін тұтқындауды мақсат етті дейді.

«Біз түнгі 1 шамасында тікұшақ дыбысынан ояндық. Одан кейін сағат 3-те оқ атылды. Кейін талқаны шыққан үйді көрдік, дегенмен бұл не үшін болғанын түсіндірген ешкім болмады», дейді ғимарат жанында тұратын Әбу Фахед әл-Хомси.

Тағы бір куәгер АҚШ әскері ғимарат­ты қоршап алғанын көргенін айтады. Тұрғынның мәлімдеуінше, олар да­уыс кү­шейт­кішпен хабарландыру жасап, тұр­ғындардан ғимараттан кетуін сұраған. Ал операция аяқталғанда қаза болған адамдардың денесін көріпті.

Сирия азаматтық қорғанысы оқиғадан кем дегенде 13 адам қаза болғанын хабарлады. Жергілікті белсенділер содырлар әскермен қақтығысқанын айтады.

Пентагон бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамады. Дегенмен баяндамаларында миссияның сәтті аяқталғаны туралы жазылған. «АҚШ Арнайы операциялар күштері АҚШ Орталық штабы­ның басқаруымен Сирияның сол­түс­тік-батысында өткен контртеррор­лық миссиясын сәтті аяқтады» дейді Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби. Оның айтуынша, толық ақпарат кейін жарияланады, АҚШ тарапынан адам шығыны жоқ.