Қаржы • 05 Ақпан, 2022

Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингісі расталды

563 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «тұрақты», бұл мықты фискалдық позицияны және елеулі сыртқы резервтерді көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингісі расталды

Агенттік елдегі қаңтар оқиғаларына қарамастан, олардың экономикалық өсу траекториясына әсері шамалы екенін атап өтті. 2022 жылы ЖІӨ өсімі 3,9% деңгейінде болжануда. Агенттіктің пікірінше, ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндіруді жоспарлы ұлғайту, табиғи ресурстарға әлемдік сұраныстың өсуі, ірі энергетикалық жобаларға инвестициялар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін қалпына келтіру Қазақстан экономикасының өсуін қолдайды.

Елдің елеулі сыртқы резервтері кредиттік рейтингті сақтаудың негізгі факторы бұрынғысынша қалып отыр. Fitch Ratings бағалауы бойынша 2021 жылдың соңында халықаралық резервтер ЖІӨ-нің 46%-ын құрады, бұл салыстырмалы кредиттік рейтингі бар елдер тобы бойынша медиандық көрсеткіштен айтарлықтай асып түседі. Бұл ретте елдің шикізат тауарларына тәуелділігі, инфляцияның неғұрлым жоғары деңгейі және салыстырмалы кредиттік рейтингі бар елдер тобымен салыстырғанда экономикалық саясаттың жеткілікті дамымаған бағдарламасы байқалады.

Fitch Ratings сарапшылары 2022 жылдың соңына қарай инфляция деңгейін 7% және 2023 жылдың соңына қарай инфляцияның мақсатты дәлізге оралуын болжайды. Агенттікте инфляцияны төмендету басым міндет болып табылатынын және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі кеңейтілген жоспармен қатар инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, жауапты экономикалық шараларды жеке атап көрсетеді.

Fitch Ratings, сондай-ақ, банк секторындағы реттеу мен қадағалау практикасының жетілдірілгенін атап өтіп, оның көрсеткіштері біршама жақсарғанын атап өтті: жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі тарихи төмен деңгейге 3,3%-ға жетті, капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділік қамтамасыз етіледі. Бұл ретте салыстырмалы кредиттік рейтингі бар елдер тобымен салыстырғанда депозиттерді долларландыру деңгейінің неғұрлым жоғары болуы, сондай-ақ кредиттеудің, атап айтқанда, ипотекалық кредиттеудің жылдам өсуі сақталуда.

Fitch Ratings - ке сәйкес кредиттік рейтинг серпіні одан әрі саяси және әлеуметтік дамуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, сондай-ақ экономикалық саясат бағыттарына байланысты болады.