Оймақтай ғана мақала тақырыбын осыншама образдайтындай не көрінді деуіңіз мүмкін. Түгел түркіге ортақ болатындай бұл қай қаһарман деп те таңырқайтындар табыла жатар. Бірақ өзінің шығармашылығындағы тұтас галереяны түркі халықтарына ортақ аңыз тұлғалармен толықтырып келе жатқан мүсінші қырғыз қызы бұл атқа әбден лайық.

Иә, газетімізде бұған дейін де бірнеше рет жариялап жазған өзіміздің бір туған қырғыз қарындасымыз, Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты ағайынның атын жалпақ жұртқа танытып жүрген талантты мүсінші қыз Тамила Маматова жайлы айтайық деп отырмыз. Басқа-басқа емес, бәдізші бегімнің бұл жолғы еңбегі тіпті ерекше. Әйгілі Әуезовті әдемі мүсіндеген скульптор сұлуға, әрине, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Кемеңгер тұлғаны кейіпкер еткен керім Тамила – шынымен тума талант, дара дарын. Әйтпесе, қақаған қаңтарда саусағымызды суық сазға үсітіп Әуезовті қайсымыз сомдадық? Тамила, түркіге ортақ тұлғаларды түгендеуді о бастан өзіне мақсат тұтқанын айтады. Бұған дейін ол мүсіндеген тұлғалар қатарында қырғыз-қазаққа ортақ шоң Шыңғыс Айтматов, хакім Абай Құнанбайұлы сынды ақын-жазушылар болды. Сол тізім кеше классик жазушымыз, әйгілі Әуезовпен толыққан екен. Бұл – қазақ үшін үлкен мерей, зор мәртебе.
Маматованың Мұхтарын алғаш көргенде аңтарылып тұрып қалғанымызды жасыра алмаймыз. Кәдімгі тірі Мұқаң, жанары жанды жазушы құдды бір о дүниеден оянып осында келгендей! Әзірге саз-балшықпен сомдалған мүсін алдағы уақытта жазушының Ыстықкөлдегі мұражайы алдына орнатылатын көрінеді. Сондай-ақ игі іске мұрындық болып отырған Халықаралық Түркі академиясы аталған бюсттің бір емес, бірнеше жерге қойылуы да мүмкін екенін жеткізіпті. Академия президенті Дархан Қыдырәлі Әуезов мүсінін бар қазаққа сүйіншілей келіп: «Ұлы Мұхаңның – Манасты қорғап қалған Мұхтар Әуезовтің қырғыз қызы Маматова жасаған мінсіз мүсіні. Бұйырса биыл заңғар жазушының 125 жылдығына орай Түркі академиясының ұсынысы бойынша лайықты тұғырына қонады. Бір емес, бірнеше жерге қойылуы да мүмкін… Мұң аралас терең ойға шомған ойшылдың асқақ бейнесін аса махаббатпен сомдап, суреткерді «сөйлетіп» жіберген Тамила қарындасқа рахмет!», деп авторға ақжарма ақ тілегін білдіріп өтіпті.
Саусағының сиқыры бар Тамиланың әр жұмысы таланттарға тағзым еткендей шынайы шығатынымен адамды баурап алады. Өткенде Әуезовтің мүсінімен қатар қырғыздың дарынды актрисасы, өмірден ерте өткен Тәттібүбі Тұрсынбаеваның бейнесін де сәтті сомдап дүйім жұртты бір-ақ сәтте жұмысына жалт қаратқан болатын. Мүсіннің сапалы соғылғаны сондай, таңырқаған жұрттың тілегі теңіздей теңселеді. Белгілі публицист Бауыржан Омарұлы «Мінсіз мүсін» деп жариялаған сол жұмысты бас бармақпен бағалағандарда есеп жоқ. Көбісі қазақтың зиялы қауымы. Айталық Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы аталған мүсінді «Анадай көзді антика шеберлері де бейнелей алмаған» деп бағаласа, балалар жазушысы Ділдар Мамырбаева «Тамила қыздың қолын періштелер жетелейтін секілді» деп тебіреніпті.
«Қырғыздың талантты перзенті Тамила Маматова жұртшылыққа тағы бір туындысын ұсынды. Осы бір жапырақ қыздың саусағы тиген дүниенің бәрі неге құлпырып шыға келеді, а!? Оның қолынан шыққан мына мүсін де сөйлеп тұр... Ал біздің мүсіндер негізінен сабырлы, салиқалы болып келеді. Сөзге жоқ... Өнеріңіз өрге бастай берсін, мүсінші қыз!», дейді Б.Омарұлы. Тізе берсек, мұндай тілектер легін тауыса алмайсыз.
Алайда талантты Тамила осы таңғажайып туындыларды өзі тұрып жатқан жер үйдің алдында бақша ішінен сарай соғып, сол сұп-суық шеберханада тудырып жатқанын естігенде көңілімізді көк мұз қарып өтті...
Суық саз саусақтарын үсітіп, табанынан өткен ызғар тұла бойын тоңдырса да хас шебер жұмысын аяқтамай тыным таппайды екен. Қазір емделіп жатқанын естіп тіпті мұңайдық.
Бірақ оған қаймығып тұрған Тамила жоқ. «Саз балшықтан гөрі мәрмармен жұмыс істегенді ұнатамын. Ол бұдан да қиын. Саз балшық идеяңды жылдам түсіре қоюға ыңғайлы болса, мәрмар мәңгілік туындыларды дүниеге әкелуге тәуекелге шақырады» дейді. Қатты тасты қашап отырып мүсін жасаудың машақаты оңай емес екенін, ол айтпаса да сезіп, білетіндейміз. Мүсінші Маматованың еңбектері қазірдің өзінде әлемнің бірнеше елін бағындырып үлгерген екен.
Өкінішке қарай, қырғыз елінің мақтанышы болып жүрген сол мүсінші әлі күнге дейін үй-жаймен, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Былтыр әлем назарын жалт қаратқан Айтматов мүсіні де әлі күнге дейін өз орнын таппай жоғарыда біз айтып кеткен шеберханада шерменде күй кешіп тұр деседі. Әрине, бәрі де өз жөнімен, өз жолымен бола жатады ғой. Біздікі тек талант дер кезінде танылып, лайықты бағасын дұрыс алса деген тілек.
Былтыр жыл соңында халықаралық Түркі академиясы Қырғыз Ұлттық ғылым академиясында тұтас Тұран әлемінің ынтымақтастығына толағай үлес қосып жүрген таланттарды марапаттап, солардың ішінде Тамила Әбдінәбиқызына да академияның күміс медалі табысталыпты. Енді халықаралық ЮНЕСКО ұйымының үлкен бір сыйлығы үлестірілсе деген үміт бар. Сонда оның еңбектерінің шын мәнінде әлеуеті әлдеқайда арта түсер еді.
Адамзаттың алыбы Абайды асқақ мүсіндеген, әйгілі Әуезовті әсем сомдаған Тамила бұнымен қазақ тақырыбын тәмамдамайды деп ойлаймыз. Бізге салса ер Манас эпосын ең алғаш хатқа түсірген Шоқан Уәлихановтың да мүсіні Маматова шеберханасынан шықса дейміз.
Екі елдің арасын ерекше мүсіндерімен етенелеп келе жатқан жап-жас Тамилаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Шабытың шарықтай берсін, қиялың қалықтай түссін, түркінің қызы Тамила!
Саз балшықты сөйлетіп, қара тасқа тіл бітірген Тамила таланты бізді әлі талай таңғалдырады. Тек өнерін өлтірмейтін, қиял қанатын еркін қағатын мол мүмкіндіктер керек.
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар