14 Мамыр, 2010

“АЗИЯ АВТО” ЕРЛЕП ТҰР

606 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жалпы қазақ халқы үшін жеті саны оң жамбасқа келетін цифр. Қазақстандағы тұңғыш автокөлік зауытының жұмыс істей баста­ға­нына жеті жыл өтіпті. Бір қара­ған­да, көп уақыт емес. Бірақ әлем­дік қаржы дағдарысы кезінде де тоқтап қалмай, аяқ алысынан жаңылмаған зауыт ұжымы жаңа жылдан бастап биік белестерге қадам баса бастады. Мәселен, осы­дан небәрі төрт күн  бұрын аталмыш ұжым “Шевролет-Крузо” маркалы көлігін шығарса, енді Оңтүстік Кореяның “KІA” концернінің тұлпарла­рын шығаруды қолға алды. 2010 жылдың 12 мамыры. Өс­кемендегі “Азия Авто” АҚ қазақ­стандық автоқұрас­тыру зауыты­ның қуаттылығында “KІA” авто­мо­бильдерінің сериялық өнді­рі­сі­нің салтанатты іске қосылуы бол­ды. Бұл жолы қазақстандық өн­дірушісі үшін жаңа үлгілер қатары маркалары жолсызда жүре алатын KІA Mohave және KІA Sorento, седан KІA Ceratoмен ұсынылып отыр. “KІA motors corp.” Батыс Еу­ропа мен ТМД бойынша аймақ­тық офис президенті Эйч Ти Ли  мырза өткізіліп жатқан рәсім шеңберінде шығыс Қазақстан облы­сының басшысы Бердібек Сапарбаевқа “Азия Авто” АҚ жаңа өндірістік бағытына қолдау жасап жүргені үшін алғыс білдірді және зауыт конвейерінің концерн автомобильдерін өндіруге толық дайын екенін атап көрсетті. – Өткізілген сынақ нәти­же­лері шығарылған автомобиль­дер­дің қанатқақты топтамасының жо­ғары сапасын растайды. “KІA motors corp.” және “Азия Авто” ынтымақ­тас­тығы біздің мар­ка­мыз­дың қазақ­стандық рынокта екінші рет дүние­ге келуі болып саналатынына сене­мін”. Корей мар­калары автомо­биль­дері өндірі­сі­нің келешегін аймақ басшысы Бердібек Сапар­баев осылай деп ба­ғалады. Облыс әкімінің ай­туын­ша “Азия Авто” қуаттылығы дүниежүзілік жетекші автомобиль компанияларымен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Біздің оңтүстіккореялық се­ріктестері­міз­ге Ли мырзаның аты­нан “Азия Автоны” қалағандары үшін алғыс білдіргім келеді. Енді, Қазақ­стан­да, “Азия Авто” зауыты­мен жасап шығарылған автомо­биль­дер де жүреді деп кәміл сене­мін. Бұдан басқа, біздің көрші­леріміз де – Орталық  Азия елдері, Сібір, Ресейдің бір бөлігі “KІA motors” компаниясының авто­мо­биль­дерімен қамтамасызданды­ры­ла­ды. “Бипэк Авто” (“Азия Авто” АҚ құрамына кіреді) компания топтары директорлары кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің айтуынша “KІA motorsпен” серіктестік қатынастар ұзақ, бірақ жемісті келіссөздердің нәтижесі болып отыр. – “KІA mоtors” қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның ірі авто­мо­биль өндірушісі болып табылады, Еуропа және АҚШ рыно­гында көшбас­шылық жайғасымда тұр. KІA ресейлік рынокта ең танымал сауда белгілері ішіне кіреді.  Сондықтан біздің жаңа се­рік­тесімізбен страте­гиялық қа­ты­насты бастау – бұл қа­зақ­стан­дық сатып алушыларға, өте ұнам­ды ұсыныс жасай алу мүмкін­дігі,  – дейді Балушкин мырза. KІA ceratoның базалық құрылғылары нұсқасына кіреді: жолаушылардың және жүргізуші­нің алдыңғы қауіпсіздік жас­тық­тары, иммобилайзер,  ауабапта­ғыш, сыртқы айналарды, алдың­ғы және артқы әйнек көтергіш­тер­ді реттеу электржетегі, орта­лық құлып, артқы тұманға қарсы фаралар, руль бағанын реттеу, 12v розетка, аудиожүйе (radіo +cd +mp3, aux & usb, 6 динамиктер.  KІA  ceratoның белгіленген жиын­ты­лықтағы құны 14 900 АҚШ долл. құрайды. KІA sorento кроссовері ме­ха­никалық трансмиссиямен үйлес­кен көлемі 2.4l  қозғалтқышты бензині­мен және автоматты бе­рілістер қо­рабы бар 3.5l агре­гатымен жиын­тық­талады. Базалық нұсқасына жолаушылардың және жүргізушінің алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, қауіпсіздік пердеше­лері, аударылу көрсеткіші, abs, иммобилайзер,  оңай балқитын 17'’ дискілері, тұ­манға қарсы фаралар, арақашық­тықтан басқару орталық құлпы, борттық компьютер, екі ай­мақты климат-бақылау, интерьерді жартылай былғарымен және хромдалған элементтермен әрлеу, отырғыштар жылытуы, тұрақтың артқы көрсеткіші, аудиожүйе (rds radіo +cd +mp3, aux +usb +іpod ка­белі, 6 динамиктер) және құрылғы­лар­дың бірнеше қатары кіреді. Үлгі жиынтылықтың үш тұрпатында қолжетімді болады.  KІA sorento алғаш­қы құны 25 000 АҚШ долл. құрайды. “Premіum” жиынтылығы құ­рамы­на smart key жүйесі және қоз­ғалтқышты түймемен қосу, салон­дық айнадағы дисплейдегі артқы көрініс камерасы,  оңай балқитын 18'’ доң­ға­лақты дискілері, артқы отыр­ғыш­тардың 2 қатары, қосым­ша қауіп­сіздік жастықтары, круиз-бақылау,  cd-чейнджер, қосымша акустика, интерьерді былғарымен әрлеу, диодтыжарық оптикасы кіреді. Орта мөлшерлі жолсызда жүре алатын KІA mohave алғашқы кезе­ңінде executіve (көлемі 3.8l бен­зиндік қозғалтқыш + 5 сатылы ав­томатты берілістер қорабы) жиынтықтығында ұсынылады. Қорыта айтқанда, “Азия Авто­ның” болашағы зор. Аманшылық болса, біраз уақыттан кейін жаңа зауыт­тың құрылысы басталмақ. Оған қаржы бар, өңір басшысы Б.Сапарбаев 50 га жерді бөліп беруге тапсырма берді. “Азия Автоның” құлашын кеңге сермеп, біраз уа­қыттан кейін жылына 120 мың дана көлік шығара алатынына мүмкіндік толық. Оңдасын ЕЛУБАЙ, ӨСКЕМЕН.