Коронавирус • 14 Ақпан, 2022

Денсаулық министрлігі Pfizer-дің миллион дозасын жеткізуді жоспарлап отыр

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасына қол жетімді халық тобын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық министрлігі Pfizer-дің миллион дозасын жеткізуді жоспарлап отыр

«Бүгінгі таңда «Pfizer» компаниясының «Комирнати» КВИ-ға қарсы вакцинасы Қазақстан аумағында қолданылатын басқа вакциналар ресми ұсынылмаған халық топтары үшін қолжетімді. Өздеріңіз білетіндей, бұл топтарға 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдер кіреді. Қазіргі уақытта осы вакцинамен егілетін контингенттерді кеңейту бойынша шаралар қабылданды», деді Ажар Ғиният депутаттық сауалға берген жауабында.

Ол бүгінгі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен коронавирусқа қарсы вакцинациялау және қайта вакцинациялау жүргізу басталғанын еске салды:

1) Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде білдіру мақсатында шетелге шығатын адамдарға;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне беріледі;

3) Шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және «Work and travel» бағдарламасы бойынша шығуды жоспарлап отырған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне ҚР БҒМ ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емделу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емделуге жіберілетін пациенттерге, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға беріледі.

«Сондай-ақ, қазіргі уақытта халықтың басқа да осал топтары үшін вацина қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасын 1 млн доза көлемінде жеткізу мәселесі пысықталуда», деп түйіндеді министр.