Қалада 4 200-ден астам адамның вирус жұқтырғаны расталды, сондай-ақ тоғыз адам қайтыс болды. Ауруханаларда орын жетіспегендіктен дәрігерлер көшеде емдеуге мәжбүр болып отыр.
Екі жылға жуық уақыт ішінде Гонконг қатаң карантин шаралары мен бақылаудың арқасында әр науқасты анықтап, оқшаулап, емдеп отырған. Осылайша, вирусты өзгелермен салыстырғанда бақылауда ұстады. Алайда вирустың жаңа штамы «омикрон» үшін бұл тәсіл тиімді болмай шықты.
Сонымен қатар көптеген сарапшылар мен тұрғындар пандемияның үшінші жылы басталған кезде қатаң шектеулер мен басқа да шаралардың дұрыс шешім екеніне күмән келтіріп отыр.
Қытайдың мемлекеттік басылымдарына сенсек, сәрсенбіде Қытай төрағасы Си Цзиньпин Гонконг шенеуніктерін «барлық қажетті шараларды» қабылдауға шақырған.