Түнеу күні жазушы Жүсіпбек Қорғасбек өзінің «Abai TV» арнасындағы «Үркер» деген авторлық бағдарламасына қонаққа ақын Жүрсін Ерманды шақырды. Тағылымды хабар тамаша өрбіді. Ғибратты көп әңгімелер айтылды. Өлең оқылды. Әдебиеттің жай-күйі талқыланды.

Бізді сол хабарда толқытқан, толғандырған ерекше бір ән еді. Ән дегенде, Жүрсін Ерманның атақты «Қасымның үйі» деген өлеңіне жазылған ғажап әуен. Авторы – сол бағдарламаға шайырдың шашбауын көтере келген ақын Серік Қалиев.
«Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі,
Қиратып жатыр Қасымның үйін»,
деп басталған ғажап туынды адамды бірден өзіне баурап әкетеді.
Әнді тыңдап отырғанда кез келген мықты ақынның басындағы трагедия – ол ақиқатында бүкіл адамзат басындағы ауыр тағдыр екенін ұғасың...
«Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін...
Біздің үй соның іргесінде еді!»
Ойланып қалмасыңа шара жоқ... Біраз уақытқа дейін үнсіз қалғың келеді. Ішіңді ой жейді. Өз-өзіңді сұхбатқа шақырасың...
Ақын сонда дауылпаз Қасым үйінің іргесіндегі қай үйді айтты?
Бәлкім ол өзінің ала құйын ақын тағдыры бұйығы ғана күн кешіп жатқан кішкене құжырасын меңзеді... Бәлкім, бәріміздің де бұл өмірде тұрақ ететін, мекен қылатын ғұмыр-қосымыздың бір күні қирай құлайтынын айтты?
Бәлкім, бәлкім...
Біздіңше, сол қирап жатқан шайыр шаңырағының іргесінде барлығымыздың үйіміз тұр еді.
Кейін.
Кейін әлгі хабар көп өтпей елімізде дүрбелең басталды. Қайғылы қаңтар оқиғасы орын алды.
Кеше ғана исі қазаққа байтақ астана болған, әлі де рухани елордамыз саналатын ару Алматымыз отқа оранды, оққа ұшты. Қаншама жазықсыз жандар шаһид кешті... Зәулім ғимараттар қирады, шаһар аяусыз тоналды. Шынылар шағылды, едендер опырылды.
Қоғам аласапыран күйге түсті. Бірі – шын жан ұшырды. Тәуелсіздігімізге шын мәнінде сәт сайын қауіп төніп келе жатқанын, азаттығымыз қыл үстінде тұрғанын шырылдай айтты. Бірі – өртенген үйдің қасына келіп қойының басын үйітіп алғысы келді.
Сол қаралы қаңтар трагедиясы кезінде ару шаһарда өртенген, қираған, шаңырағы ортасына түсе опырыла құлаған әр үйдің іргесінде сіз бен біздің үйіміз тұрды.
Оны біраз ел сезді, біраз ел қаннен-қаперсіз тәтті ұйқыларында жата берді.
Есенғали Раушановтың «Жоқ, күн тұтылған жоқ, Менің көңілім тұтылды» деп басталатын ғажап өлеңі бар. Дәл сол сияқты. Алматы өртенген жоқ, біздің өзегіміз өртенді. Егер біз «Әр қазақ – менің жалғызым» деген сөзді шын түсініп айта алған болсақ, онда біздің үй сол Алматының қираған әр ғимаратының іргесінде, жоқшылықтың жасыл жалынына өртеніп өлген бес балдырғанның жыртық лашығының қасында тұруы керек еді.
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар