Мультимедиа • 24 Ақпан, 2022

Деректер қорының демеуі

679 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Деректер қорының демеуі

Қаржылық қызметтерге қолжетімділікті талдайды

Ауқымды деректер арқылы микро­қаржы индустриясы клиенттерге қажет өнімдерді ұсынуға мүмкіндік алды. Яғ­ни микроқаржы компаниялары порт­фель­дің мінез-құлқын болжай алады. Сондықтан дефолттарды немесе несиелік шығындарды дәлірек талдауға мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда ауқымды деректер өте маңызды рөл атқарады. Технологияның қарқынды дамуы, жаңа ойыншылардың пайда болуы және қаржылық технологияларға үлкен инвестициялар, ұялы телефондардың енуі қаржылық қызметтер туралы түсінікті өзгертпек. Мобильді құрылғылардың бүкіл әлемде таралуы тұтынушылардың мінез-құлқын, оның ішінде ақша мен уа­қытты қалай жұмсайтынын жақсы түсіну мүмкіндігін кеңейте түсті. Енді олар осын­дай білімді қолдана отырып, белгілі бір адамдар тобына назар аудара алады.

Ауқымды деректер талдамасын кім пайдаланады?

SunFinance Group өңірлік басқару­шысы Виталий Нижегородцевтің пікірі­не сүйенсек, Қазақстанда ауқымды де­рек­терді талдауды негізінен ұялы опера­тор­лар, қаржы ұйымдары және телеком­му­ни­кациялық компаниялар пайдаланады.

Жиналған деректердің түрі компа­ния­ның ерекшелігіне байланысты. Он­лайн-сервистер жағдайында жинақ­тал­ған ақпарат бірнеше кластерге бө­лінеді. Оның ішіндегі ең үлкені пайда­ланушылардың кликтер, ауысулар, сайт­та немесе қосымшада болу уақыты сияқ­ты сипатына қатысты. Екінші үлкен кластер – серверде сақталған деректер, мысалы, транзакциялар туралы ақпарат.

Үлкен деректер басқа нарықтарға да әсер етеді. Мысалы, қаржы-технология­лық нарыққа. Цифрландыруды қоса алған­да, ауқымды деректер бірегей эко­жүйеде инновациялық рөл атқарады. Бұл қаржы ұйымдары клиенттерінің жаңа талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға көмектеседі.

«Микроқаржы ұйымдарында бар деректердің ауқымды жиынтығын ескере отырып, клиенттер туралы ақпаратпен, оның ішінде жасы, кірісі, мамандығы және басқа да деректермен байытылған, төрт негізгі аспектінің өсуіне әкеледі», дейді Виталий Нижегородцев.

Оның айтуынша, қаржы-технология­лық компанияларының көпшілігі IT-технологияларды қолдана отырып, несие­лік платформаларда жұмыс істейді, ал несиелік бюролар барлық мәліметпен жаңартылады, өмірлік маңызды төрт аспект пайда болады.

Сенімді несиелік шешімдер қабылдауға көмектеседі

Бұл қаржыландыру үшін клиенттерді бейтарап таңдауда қосымшалардың баға­лау карталарын жасауға көмектеседі. Клиент­тердің сипаты және салалық де­ректерді осындай көрсеткіштер жүйе­сіне біріктіру нәтижесінде алынған маңыз­­ды ақпарат жылдам несиелік ше­шім­дер қабылдауға көмектеседі. Бірне­ше минуттан кейін мұндай несиелік ше­шім­­дер клиенттерге қызмет көрсету қызметкерінің портативті құрылғысының цифрлы арналары арқылы қолжетімді болады.

«Sun Finance бизнесті басқаруда және операциялық қызметте үлкен деректерді пайдаланады. Клиент өтінім береді және нақты уақытта оның әрекеттерін көре аламыз, содан кейін тіркеу мен өтінімді сүйемелдеу процесін құрамыз. Мысалы, клиент шағын несие алды және төлем мерзімі жақындады. Жүйеде біз оның жеке кабинетке кіргенін көреміз, әрекеттерді қадағалаймыз, шешімдерді таңдаймыз. Алынған мәліметтерге байланысты клиенттерге қызмет көрсету кезегі автоматты түрде жылжиды. Қаржы технологиясының артықшылығы – бюрократиясыз бизнес және кез келген процесті өте қысқа мерзімде өзгерту мүмкіндігі», дейді В.Нижегородцев.

Сарапшының айтуынша, бұл бақылау тексерулеріне кететін уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар, ауқымды деректер клиенттің несиені мақұлдауын, сұраныстарды өңдеуді және несие сомасын төлеуді ынталандырады.

Психометриялық бағалауға уәде

Ауқымды деректерге негізделген модель психометриялық бағалау үшін де пайдалы болуы мүмкін. Бірнеше пси­хометриялық құралдар өтініш берушінің жауаптарын бағалайды. Бұл несиені өтеу кезінде мінез-құлықты, оның ішінде өтініш берушілердің сенімдері, жұмыс нәтижелері, көзқарасы мен адалдығын бол­жай алатын ақпарат жинауға көмек­теседі.

Өнімді құру, орналастыру және қызмет көрсету

Виталий Нижегородцевтің айтуынша, ауқымды деректер арқылы қаржылық-технологиялық индустрия клиенттерге қажет өнімдерді ұсына алатын жағдайға жетеді. Бағаны модельдеу, клиенттерді сегменттеу және деректерді модельдеу сияқты талдама арқылы көрінетін клиенттердің қажеттіліктеріне сүйене отырып; қаржы технологиялары уақтылы қаржылық қажеттіліктері бар, несие билетінің дұрыс мөлшері мен сақтандыру схемалары бар клиенттерге қызмет көрсете алады.

Микроқаржы компаниялары порт­фель­­дің әртүрлі өңірлердегі әреке­тін бол­жай алады. Сондықтан дефолттар­ды немесе несиелік шығындарды дәлірек талдайды. Тиісінше, компаниялар өздері­нің қаржылық өнімдері үшін дұрыс портфельді таңдай алады.

Түйін

«Көп жұмыс істеме, ақылмен жұмыс істе» деген танымал тәмсіл бар және ауқымды деректер мұны сенімді түрде растайды. Жасанды интеллектінің әртүрлі аспектілерімен бірге ауқымды деректер шешім қабылдау процесінде қаржы технологияларын ғана емес, басқа салаларды да өзгерте бастады. Болжамды талдама арқылы қаржы технологиялары несие сапасын жақсартып, жоғары кірістілікке қол жеткізе алады.