Жаңа өмірді, тың кәсіпті, тамаша дағдыны, жақсы әдет пен пайдалы істі «алдағы дүйсенбіден бастаймын» деп дүдәмал ойдың жетегінде жүргендер көп. Әлбетте, түпкі мақсат өзгеру ғой. Өзгерген дұрыс. Бірақ ол үшін дүйсенбіні күтудің не қажеті бар? Психологтер айтпақшы, өзгеріс осы сәттен басталмаушы ма еді?
Рас, сіз де, мына біз де жоба-жоспардың бастауын дәл осы дүйсенбіге тіреп қоямыз. Аптаның алғашқы күні деп алға жетелейтін айрықша бір астар іздесек керек. Бұл да жөн шығар. Алайда дәл осы дүйсенбі тап-тамаша жоспардың тас-талқанын шығаратын күн секілді әсер қалдырады кейде. Өйткені дүйсенбі дегенің екі күндік демалыстың түйінделер тұсы емес пе?! Оның көбіміз үшін ауыр күн саналатыны да сондықтан.
Әрине, аптаны жақсы көңіл күймен бастаған жөн. Бірақ екі күндік еркін демалыс көбімізді жүрістен жаңылдырмай қоймайды. Соның салдары шығар, дүйсенбі күні адамдардың көбі сағат 11-ге дейін күлімдей алмайды екен. Ол аздай қызметкерлердің біразы дәл осы күні жұмысқа кешігіп келеді. Ендеше ерік-жігерімізді езіп, еңсемізді басып тұратын аптаның алғашқы күніне ертеңімізді байланыстырудың қажеті шамалы секілді. Әйтпесе, өзгеріске бастар дүйсенбісін күтіп бұ дүниемен қоштасып кеткендер қаншама...
Жазушы Төлен Әбдіктің «Қайырсыз жұма» деген әңгімесі еске түсіп отыр. Бас кейіпкер Әбен жұмыс аптасының соңғы күні – жұма күні аяқ астынан қызметінен алынатыны бар еді ғой. Сөйтсе, мұндай шенеуніктердің «шаруасын бітіру» үшін бұл күн әдейі таңдалады екен. Жоғары жақта отырғандар шығарылған шешімнен кейін ешқайда телефон соғылмауы үшін, сырттан өздеріне де телефон соқтырмау үшін әдейі осылай істейді. Бұл бұрыннан бар тәсілдің бірі. Жарықтық Әбен соны кеш түсінеді.
Әрине, қазіргі уақыт басқа, жағдай бөлек. Бірақ статистикалық деректер де дүйсенбінің көп адам үшін қайырлы бола бермейтінін көрсетіп отыр. Мәселен, тығырыққа тіреліп, тағдырдан түңілген адамдардың дені дүйсенбі күні жарық дүниені тәрк етеді екен. Инфарктың 20 пайызы, арқа жарақатының 25 пайызы дәл осы күні тіркеледі. Немістердің зерттеуіне жүгінсек, жүрек талмасы да көп жағдайда аптаның алғашқы күнінде орын алады екен. Еврейлердің дүйсенбі күні той жасамайтыны және белгілі.
Ақ-қарасы араласып жататын өмір шіркін сәтсіздіктердің бәрін дүйсенбіге дөп түсіреді екен десек тағы қателескен боламыз. Өйткені аптаның алғашқы күні ислам мен иудаизмде дұға жасап, ауыз бекіту үшін қолайлы күн саналады. Мұсылман бауырлардың дүйсенбі күні нәпіл ораза ұстайтыны есіңізде болар. Саяси өмірдегі жаһандық шешімдердің де дүйсенбі күні қабылданатынын ұмытпайық. Дүйсенбіні шынайы өзгерістердің бастауына айналдырып, жетістіктің желкенін кергендер де арамызда толып жүр.
Әр күн – Алланың сыйы. Оған шәк келтірер ойымыз жоқ. Айтпағымыз, дүйсенбінің сәтті я сәтсіз күн екені біздің санамызда ғана қалыптасқан секілді. Басқаша айтсақ, шектеуді қолдан жасап алғандаймыз.
Дегенмен ауыр күннен арылудың бір жолын білетін секілдіміз. Ол үшін аптаның алғашқы күнін, яғни дүйсенбіні күнтізбеден алып тастау керек. Мәселен, 13 дегенде еуропалықтардың зәресі ұшады. Ал жапондардың 4 дегенде денесі түршігеді. Олардың 4 санын қоғамдық өмірде қолданбайтыны да сондықтан. Айталық, Жапонияда лифт нөмірлерінен 4 цифрын таппайсыз. Тұрғын үйлерде де 4-ші нөмірлі пәтер жоқ. Көшедегі көліктердің нөмірінен де бұл сан байқалмайды. Міне, осындай әдіс арқылы аптаның ауыр күнін – дүйсенбіні елеусіз қалдыруға болатындай. Бәлкім, сонда ғана жоспарымыз жүз пайыз орындалып, жұмысқа да жұмыла кірісерміз. Сонда өзгелер де өмірге өзгеріс әкелер дүйсенбісін күтіп жүрмес еді.
«Дүйсенбіден бастаймынның» арғы жағында мойны жар бермес жалқаулық жатыр. Ендеше ізгі іс, ұлы мұрат үшін аптаның алғашқы күнін күтудің қажеті жоқ. Жаңа өмір дүйсенбіден емес, тап бүгін, осы сәттен басталады.
Айтпақшы, психологияда дүйсенбіге ерекше көңіл бөлінген. Сала мамандары жаңа өмірді, жаңа дағдыны дүйсенбіден, келесі айдан, жаңа жылдан бастау дұрыс емес деп санайды. Өйткені мұндай мақсат-міндеттердің соңы көп жағдайда сұйылып кетеді. Бұл өзімізді ақтап алғанға да жақсы. Себебі алда тағы бір дүйсенбі келе жатыр...
Оқып отырған осы жазбаны да дүйсенбіден бастағым келген...
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар