Ауғанстанның мемлекеттік университеттері «Талибан» билікке келгеннен кейін алты ай өткен соң өз жұмыстарын қайтадан бастады.

Былтырғы 15 тамызда «Талибан» билікті басып алғаннан кейін қыздарға арналған орта мектептер мен барлық мемлекеттік университет жабылған. Бұл «Талибанның» 1996-2001 жылдар аралығында билік құрған кезіндегідей, әйелдерге білім алуға тыйым салынады деген алаңдаушылық тудырды. Көптеген халықаралық ұйым мен елдер бұл мәселе бойынша ескерту жасап, қыздардың оқуға оралуын талап етті.
«Талибан» билігі бұл жолы қыздар мен әйелдерге білім алуға мүмкіндік бермек. Бірақ қоятын талаптары бар: қыздар мен әйелдер тек жеке сыныптарда және исламдық оқу бағдарламасына сәйкес оқытылуға тиіс. Ауғанстандық БАҚ-тың жазуынша, ер және әйел студенттерге сабақтар әртүрлі уақытта өткізіледі.
«Мен университет жұмысының қайта басталғанына қуаныштымын. Біз оқуды жалғастырғымыз келеді», деді ағылшын тілінің болашақ маманы, өзін Басира деп атауды өтінген ауғанстандық студент Al-Jazeera басылымына берген сұхбатында.
Басираның айтуынша, елдегі оқу орындарында оқытушылар жетіспейді. Бұған, әлбетте, «Талибан» билікке келгеннен кейін ауғанстандықтардың елден көптеп қашуы негізгі себеп бола алады. Өйткені елдің мыңдаған тұрғыны Тәжікстан шекарасы арқылы Орталық Азияға, Еуропаға қашты. АҚШ ұшағына таласа мініп, мұхит асқандар туралы да БАҚ-та көп жазылды.
Тамыздың ортасында «Талибан» тарапының ел астанасы Кабулды басып алғанынан кейін, дәлірегі премьер-министр Ашраф Ғанидің Батыс қолдаған үкіметі құлаған соң шетел асқан ондаған мың ауғандықтың ішінде оқытушы саны көп болған.
Елдің оңтүстігіндегі кейбір мемлекеттік жоғары оқу орындары өткен айда жұмысын қайта бастады, сенбіде елдегі ең көне және ең үлкен университет – Кабул университеті қайта ашылды. Өткен жылы 25 мыңға жуық студентті қабылдаған бұл оқу ордасы ешқандай салтанатты мерекесіз және ондаған студенттермен ғана жұмысын қайта жалғастырды.
Кабулдан хабар тарататын TOLOnews агенттігінің жазуынша, Жоғары білім министрлігі елде кем дегенде 19 университет пен оқу орны қайта ашылғанын хабарлаған.
Біз жоғарыда мақалаға арқау еткен Басира оқу басталғанымен әлі де бірқатар келеңсіздік барын айтады. Бұл қолайсыздықтарды ол «Талибанның» қатал тәртібімен байланыстырады. Мәселен, «Талибан» күзетшілері студенттерді сыныпқа ұялы телефондарын әкелгені үшін жазалаған. Сұхбатта Басира күзетшілер ойларына келгенін істеп, студенттермен дөрекі сөйлесетініне шағымданады.
Ағылшын тілі факультетінің тағы бір студенті Мәриям сабақтарға тек жеті әйел қатысқанын айтты. Оның айтуынша, бұрын топта 56 студент оқыған.
«Талибан» күзетшілері журналистерге үлкен кампусқа кіруге рұқсат бермеген. Оған қоса журналистер тобына кіреберісте тұруға да кедергі жасаған.
Осыған ұқсас көрініс бүкіл елдегі кампустарда байқалатын көрінеді. Ал Панджшер университетіне тіпті бір де бір студент оралмаған. Университет профессоры Нур-ур-Рехман Афзали студенттердің келетіні не келмейтіні жөнінде болжам жасау қиын екенін айтады.
Панджшер университетінің кафедра меңгерушісі Джаббер Джибранның айтуынша, ұрыс кезінде қираған бірнеше сынып әлі жөнделмеген.
«Талибан» билігінің өкілдері бұған дейін қыздар университеттерге денесін толықтай жабатын қара түсті мата жауып, басына орамал тартып келуге міндетті екенін айтқан болатын. Алайда бұрынғы билік тұсында қыздар толықтай оранбай да сабаққа қатыса алатын. Университет ашылғанда «Талибан» билікке келгенге дейінгі ретпен киініп келген бірнеше студент байқалған.
Иран шекарасына жақын орналасқан, бір кездері Ислам әлемінің маңызды зияткерлік орталықтарының бірі болған Гераттағы студенттер де оқытушылардың жетіспеуіне шағымдануда. Оқуға оралған студенттер өз өмірлерінің түбегейлі өзгергенін де айтуда.
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар