Қоғам • 28 Ақпан, 2022

Қазақстанда өрт қауіпсіздігінің жаңа ережелері енгізіледі

1096 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2022 жылдың 7 наурызынан бастап өрт қауіпсіздігінің жаңа ережелері енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда өрт қауіпсіздігінің жаңа ережелері енгізіледі

Жаңа қағидалар ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілді.

Осылайша, объектідегі өрт қауіпсіздігін меншік иелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге құқығы бар адамдар қамтамасыз етеді делінген.

Ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйрықпен жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындайды.

Ұйымдардың қызметкерлері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытудан және нұсқамадан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгерген кезде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқытудан өтеді.

Ғимараттар мен құрылыстарда (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) рұқсат етілмейді:

  • тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидтарды, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар мен үй-жайларда сақтау және қоймалау;
  • жобалау құжаттамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жертөлелерді, төменгі қабаттарды, шатырларды, техникалық қабаттарды және үй-жайларды, желдеткіш камераларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау және қолдану;
  • лифт холлдарын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау;
  • жобада көзделген қабаттық дәліздерден, холлдардан, фойеден, тамбурлардан және саты торларынан эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін есіктерді алып тастау;
  • нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайлары нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына, өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелген көлемді-жоспарлау шешімдеріне өзгерістер енгізуге немесе өртке қарсы автоматты қорғау жүйелерінің (автоматты өрт дабылы, тұрақты автоматты өрт сөндіру қондырғысы, түтін жою жүйесі, құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйесі)жұмыс істеу аймағы азайтылады;
  • эвакуациялық сатылардың есіктері, люктері, аралас секцияларға өту жолдары және шығу жолдарын үймелеу, итергіш аралық сатыларды бөлшектеу, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларында люктерді бекіту;
  • майланған сүрту материалын жинамау;
  • ғимараттың барлық қабаттарының терезелеріне және жертөле терезелерінің жанындағы ойықтарға торлар орнату (қылмыстық-атқару жүйесі объектілері мен қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің үй-жайларын, қоймаларды, кассаларды, қару-жарақ бөлмелерін, мекемелердің құпия бөлімдерін, прекурсорларды сақтау мен айналысын қоспағанда);
  • түтінденбейтін баспалдақ торларына апаратын балкондарды шынылау;
  • саты торларында, алаңдар мен дәліздерде қойма (қосалқы үй-жайлар) орналастыруға, сондай-ақ саты баспалдақтарының астында және саты алаңдарында заттарды, жиһаздарды, жанғыш материалдарды сақтауға міндетті. Бірінші және цокольдық қабаттарда баспалдақ марштарының астында орталық жылытуды басқару тораптары, су өлшеу тораптары және жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қоршалған электр қалқандары үшін үй-жайлар орнатуға жол беріледі;
  • ғимараттардың өндірістік және қойма үй-жайларында (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайлардан басқа, жапсарлас үй-жайлар орнату;
  • өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үймелеу және жабу.

Ережелердің толық мәтінін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.