Президент • 01 Наурыз, 2022

«Халқымыз аманатқа қиянат жасамаған» – Президент партияның жаңа атауы туралы айтты

3985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының атауына байланысты пікірталасқа қатысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халқымыз аманатқа қиянат жасамаған» – Президент партияның жаңа атауы туралы айтты

«Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күнтәртібіндегі негізгі мәселе - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы. Осыған орай жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқталдық. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым», деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.

ҚР Президентінің айтуынша, егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек.

«Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.