Әлем • 02 Наурыз, 2022

Киевтегі жарылыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – елші

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Киев телемұранасы маңында жарылыс болды. Ал Қазақстан Елшілігі соққы жасалған жерден 800 метр ғана қашықта орналасқан. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев отандық БАҚ-қа мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киевтегі жарылыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – елші

«Мұның үстіне Лукьяновка ауданында, жанымызда түні бойы автомат дауысы естіліп тұрды. Бүкіл азаматтарымыз жанымызда, жертөледе болды. Қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Меніңше, елшілікке ешкім тиіспейді. Ең бастысы – қаңғыған снаряд тиіп кетпесе болды», деді Дархан Қалетаев.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан елшілігін эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

«Егер қазір біз кетіп қалсақ, отанына оралып үлгермеген қазақстандықтар не істейді? Иә, қазір де мәселен автобустарды жөнелтуге 1 сағат уақыт қалғанда адамдар қоңырау шалып, не істеу керектігін сұрап жатады. Өйткені, адамдар әртүрлі өңірде жүр. Көпшілігі, тіпті бізге, Киевке де жете алмай отыр. Біз кетіп қалсақ, олардың күні не болмақ?», деді Қазақстан елшісі.