Қоғам • 06 Наурыз, 2022

Алаяқтар туралы фильмдер неге танымал?

725 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Интернет әлемінің күн санап дамуы жаңа мүмкіндіктердің есігін көптеп ашуда: жаңа жұмыс орындары пайда болды, кәсіптің өркен­деуіне мүмкіндіктер көбейді. Әсіресе пандемия кезінде интер­неттің мол мүмкіндігі төрт қабырғаға қамалған адамзат бала­сының зерікпей, тіпті уақытын пайдалы өткізуге жағдай жаса­ды.

 

Алаяқтар туралы фильмдер неге танымал?

Соңғы жылдары стримингтік плат­­формалар, яғни фильм, видео­­­ға арналған сайттардың та­­ны­­­мал­дылығы артты. Олар да қо­ғам­­ның тамырын басып, әрқа­шан сұранысқа қарай жауап беріп тұрады. Соңғы жылдары әлемде Netflix, Amamzon prime, Ivi сынды платформалардың таны­мал­ды­лығы артты. Былтыр Netflix-ке жазылушылар саны млн-ға жет­кен.

Netflix бұған дейін шыға­рыл­ған фильмдер ұсынатын ме­диа­тека ғана емес, жоғарыда айт­қа­ны­­мыздай өзі де фильм өнімін жасаушы саналады. Қоғамдағы өзекті тақырыпқа қатысты фильм, хи­каяларды дер кезінде ұсы­нуы­­­­­мен көптің назарына іліккен плат­формада бүгінде 3 600-ден астам фильм, 1 800-ге жуық теле­бағ­дарлама бар. Алайда соңғы кездері көрермендер Netflix тақы­рыбының тым «толерантты» арнаға бұрылып жатқанын айта­тындар аз емес. Мәселен, ал­ға­шын­да палтформада еврейлер, ортодоксалды еврейлердің өмірі, Из­раиль қарулы күштерінің жұ­мы­сына қатысты фильмдер көптеп шығарылды. Одан кейін қо­­ғамдағы азшылықтар тақы­ры­бы­на қатысты өнім көбейді. Ал енді Netflix өнімінің барлығында міндетті түрде қара нәсілді актер көрініс табатынын айтып жүр­ген­дер аз емес.

Біз соңғы кездері әлеуметтік же­лілерде көптеп талқыланған бір­неше фильм мен оның тақы­ры­бына тоқталмақпыз. Биыл палт­формада «Tinder-дегі алаяқ» филь­мі мен «Аннаны ойлап табу» хикаясы жарық көр­ді. Жа­рияланған күнінен көп ұза­май қаралым саны артып, көп тал­қыланған өнімдер қатарына енді. Көптің назарына ілігуінің басты себебі – шынайы оқиға негізінде түсірілуі. Екі фильм де замандастарымыз туралы. Яғни алданған мен алдаған тарап жайлы. «Tinder-дегі алаяқ» фильміне алданған тараптың өзі баяндаушы ретінде көрінеді. Бір топ қыз Tinder деп аталатын танысуға арналған әлеуметтік желіде сымбатты азаматпен танысып, алданып, бүгінде миллиондаған қарызды төлеуге мәжбүр екенін айтып береді. Бір қызығы, фильм режиссері Фелисити Моррис туын­дыға түсуге әлгі «алаяқтың» өзін де шақырған. Алайда Шимон Хают есімді Израиль азаматы ұсы­ныстан бас тартқан.

«Аннаны ойлап табу» хикаясы орыс қызы Анна Сорокина туралы. Өзін бай неміс отбасының мұрагері Анна Делви деп таныс­тырған бойжеткен Нью-Йорк буржуасын алдап соққан. Алдау­мен қатар бірнеше миллионын қол­ды еткен.

Одан кейін платформада «Қа­лыс қалған» америкалық се­риа­л­ды назарға ұсынды. Бұл да жоғарыда аталған туындылар са­рынында. Бұл платформадағы алаяқтар туралы туындылардың жартысы ғана. Алаяқ кәсіпкерден бөлек алаяқ дәрігер туралы да фильмді табуға болады. Алайда бұл тақырыптың көпке қызық болуына не себеп? Алаяқтар жаңа жанр, жаңа кейіпкер емесі анық. Мәселен, бас кейіпке шын мәнінде алаяқ болып шығатын «Ұлы Гэтсби» кинокартинасы кино әлеміндегі бірқатар марапатты жеңіп алды.

Бұл туындылардан сабақ алып не өмірде қайталаймын деу­шілер аз. Киносыншылар бар­лық себепті картинаның динамикасы мен оқиға желісінің көрерменді «ұстап отыруында» дейді. Алаяқ мақсатына жету үшін түрлі сценарий құрып, айла-тәсіл қолданады, өзгенің сеніміне кіріп, санасын улайды. Алаяқтар тақырыбын зерттеп, журналистік зерттеуін фильм бағдарламасы ре­тінде ұсынған журналист Адва Дадон бұл картиналардың тартымды болуына мынадай себеп айтады: «Алаяқтың қылмыс орны – оның шексіз ойы». Ра­сы­мен, кейіпкердің шексіз ойы мен бітпес айласына тәнті бол­ған көрермен кейде алаяққа іш­тей риза болып, кейде жапа шеккенге болысып отырады. Мұндай туындының іш пыстырмасы анық.

Десе де бұл тақырыптың біз­дің қоғамға да жат емесіне күн­делікті жаңалықтар дәлел. Күн сайын отандастарымыздың «алданып қалғаны» туралы хабарларды көзіміз шалады. Қаржы пирамидасының құрбандарының қатарына әлеуметтік желіде та­нысқан адамына несие алып берген, бопсалауға ұшыраған дегендер де қосылды. Одан бө­лек өздерін банк қызметкері ре­тінде таныстырғанға қыруар қаржысын сеніп тапсырғандар да арамызда толып жүр. Сондықтан жоғарыдағы фильмдердің еліміз­де де танымал болуы таңғалатын құбылыс емес. Негізгі мәселе –
фильмнен сабақ алу. Әсіресе, жас­өспірімдер де қаперіне алса дейміз. Өйткені әлеуметтік желі бәрімізге ортақ, алайда оны қол­да­ну мақсаты әркімде әртүрлі.