Қаржылық қызметтерге деген сұраныстың өсуі азаматтардың бұл саладағы жауапкершілігі мен сауатын да арттырып жатыр. Цифрға шақсақ, қазір елдегі қаржылық сауаттылық деңгейі 39,52 пайызға жеткен. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы бағыттағы жыл сайынғы әлеуметтанушылық зерттеуін жариялады.

Халықтың қаржылық сауаттылығының бар яки жоқ екені қалай тексеріледі өзі? Оны білу үшін көп жағдайда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қисыны қолдынылады екен. Яғни үш критерий – меншікті қаржы қаражатын басқару, қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалану және халықтың қаржы жүйесі туралы хабардар болу деңгейі.
Меншікті қаржы қаражатын басқару бойынша жоғары деңгей Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалады. Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындарының бұл тұрғыдағы деңгейі орташа бағаланады. Бір қызығы, зерттеу барысында ер адамдардың әйелдерге қарағанда ақша ұстауда ұқыптылық танытатыны анықталған. Жалпы, қоғамдық сипат тұрғысынан қарар болсақ, жоғары оқу орнын бітірген азаматтардың, кәсіпкерлердің, жеке және мемлекеттік компания өкілдерінің қаржылық қабілеті жоғарырақ. Көп жағдайда 18-29 жас аралығындағы жастар мен 60-75 жас аралығындағы қарт кісілер қаржы игеруде қиындыққа көп кезігеді екен.
Зерттеу арқылы мәлім болғандай, қазақстандықтардың 42,8 пайызының жеке бюджеті бар, ал сұралғандардың үштен бірі отбасылық бюджет мәселесін (29,9 пайыз) жұбайымен (зайыбымен) бірлесе отырып жүргізеді. Сауалдамаға қатысушылардың көбі (46,3 пайыз) олардың сатып алуға мүмкіндігі бар-жоғын мұқият ойластыратынын, 0,6 пайызы мұндай бағалауды жасамайтындығын айтқан.
«Сауалдамаға қатысушылардың 36,4 пайызы тұрақты жинақ жасайды, ал 37,9 пайызы мүмкіндігіне қарай белгілі бір ақша сомасын жинайды. Респонденттердің 36,04 пайызында шығындарды жоспарлау әдеті бар, 37,1 пайызы кейде мұны істеуге тырысады, ал 2,2 пайызы ешқашан істемейді. 40 пайызға жуық қатысушы кейде ақша салу арқылы тәуекелге баруға дайын (мысалы, бағалы қағаздарға), 18,4 пайызы мұны істеуге мүлде дайын емес», деп жазады агенттік.
Зерттеудің тағы бір нәтижесі – ең танымал қаржылық қызметтердің анықталуы. Азаматтар көп тұтынатын қаржылық қызмет не болмаса тауарлардың көш басында – тауар несиесі (37,4 пайыз) тұр. Одан кейін көпшілік ағымдағы шот пен банк депозитіне де жиі жүгінеді. Ал зейнетақы аннуитеті, білім беру депозиті, акция, облигация және инвестициялық пай қоры сияқты қаржы құралдарын пайдаланушылар үлесі тым төмен. Сонымен қатар соңғы бірер жыл көлемінде тұрғындардың банктердің мобильді қосымшаларын жаппай қолдануға көшкенін де айта кету керек. Нарықтағы бұл тенденцияға COVID-19 пандемиясы да ерекше әсер етті.
«Жалпы алғанда, зерттеу кейбір респонденттердің қаржылық қызметтердің сараланған жиынтығымен жақсы таныс болмаса да, қаржылық қызметті таңдау процесіне егжей-тегжейлі қарап, шартты мұқият зерттей бастағанын көрсетті. Мәселен, респонденттердің 44,9 пайызы, олардың айтуынша, шартқа тек оны оқып, барлық жағдайын түсіндіргеннен кейін қол қояды. Менеджерлерге қосымша сұрақтар қояды және талаптарды зерттейді, респонденттердің 21,8 пайызы сұрақсыз қол қояды, өйткені мұның бәрін түсіну оларға қиын», деп жазады агенттік.
Ал сауалдамаға қатысушылардың жартысынан көбі екінші деңгейдегі банктердің функционалын, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкінің атынан реттеушінің міндеттерін жақсы түсінетінін мәлім еткен. Жалпы, зерттеуге 10 мың респондент қатысса, соның 23 пайызы – 18-29, 63 пайызы – 30-49, 13 пайызы – 50-63, 2 пайызы – 63 жастан жоғары азаматтар. Сауалдама Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент сияқты республикалық маңызы бар 3 қалада және Қазақстанның 14 өңірінде жүргізілген.
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар