Қала тіршілігінің қым-қуыт сүргінінде адамдары ығы-жығы алып шаһардың қай жүргіншісіне назар аударғандайсың. Сапырылысқан қалың нөпірдің арасымен жылға-жылғаны қуалап жұмысқа келесің. Кешқұрым сол соқпақты солқылдатып үйге қайтасың.

Бірақ бір ырғақ, бір уақыт, жақын-жақын орналасқан жұмыс орындары, ұқсас бағыттар әлгі қарақұрым халықты бір-бірімен жайлап жақындастыра бастайды. Тіпті кей адамдарды уақыт өте келе, одан сайын тереңдеп тани түсесің.
Иә, ол жанды мен ғана емес, тұтас шаһар білетін. Білсе де білмегендей болатын. Оның көнетоз қара сұр пальтосын, жалбыраған шашын, қолынан тастамайтын қызыл орамалын, екінші қолындағы ауыр сөмкесін, ащы дауысын ол қала ешқашан жадынан өшіре алмас еді.
Ол тіпті шіліңгір шілденің өзінде сол қара сұр пальтосымен жүреді. Аяғында өкшесі әлдеқашан опырылып қалған жыртық қара етік. «Мен – желтоқсаншымын!» дейді әне бір адамды тоқтатып! «Сонда көрген сұмдықтарымды айтайын ба?» дейді екіншісін жұлқылап...
Бірақ оны тыңдауға ешкімнің зауқы да, құлығы да, уақыты да жоқ. Ол өз әлемінде әлі желтоқсан көшелерімен кетіп бара жатқандай болатын. Оның тіпті шыжыған жазда да қалың пальто киіп жүруі желтоқсандағы аяз қарыған ақ түтек, қызыл қасапты елестетер еді. Ол адам үшін уақыт сол 17-ші желтоқсанда әлдеқашан тоқтап қалған сияқты. 1986 жылғы 17-ші желтоқсанда...
Ол тіпті біздің отыз жыл бұрын Тәуелсіздік алып, егемен ел атанғанымызды да білмеуі мүмкін. Ол сол азат мерекені өзі алып бергенінен де бейхабар болуы ғажап емес.
Қоғам тарихты теледидардан берілген, газет-журналдарға шыққан, ресми тұлғалар мәлімдеген ақ-қарасы толық анықталмаған ақиқат арқылы ғана тани салғысы келіп тұрады. Қоғам қара сұр пальтолы әйелді ешқашан танығысы келмес еді. Себебі ол бар шындықты айта салуы мүмкін. Біз бәлкім толық ақиқатты білуге қорқамыз. Кім біледі, мүмкін әлі де дайын емеспіз. Ол әйелді сондықтан да елемей өте салғанды жеңіл көреміз.
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар