Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған пандемия еңбек нарығының айтарлықтай өзгеруіне әкелгенін атап өтті. Көптеген жаңа кәсіптердің пайда болуы, процестерді автоматтандыру және цифрландыру аясында жеке бәсекеге қабілеттілік жаңа кәсіптерді бірнеше рет қайта даярлау және дамыту арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағдыларды арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін аталған платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы құрылды, оқыту процесін қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар. Платформаны пайдаланушылар енді курстардың және білім алушылардың саны, берілген сертификаттар, рейтинг және курс тыңдаушыларының пікірлері туралы ақпарат берілген автордың профилімен таныса алады. Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қолжетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әр түрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
Бұрын хабарланғандай, skills.enbek.kz платформасы жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге арналған. Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz электронды еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.
Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда (70% шекті деңгеймен тестілеу) дағдыны игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау. Бұл сертификат enbek.kz электронды еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Түйіндемені қарау кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.
Былтыр шілде айында іске қосылған сәттен бастап платформада 9,1 мың азамат оқуын аяқтап, курстан өткені туралы сертификаттар алды, оның ішінде 5,5 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оған жалпы 15 мыңнан астам азамат тіркелген. Бұл ретте оқудан өткен жұмыссыздар арасында 2,3 мың адам – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген жастар өкілдері.
Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курстар жариялады, олардың 60-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Қазіргі уақытта «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Выращивание клубники от А до Я», «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы» және «Кассир» курстары сұранысқа ие.
Онлайн курстарды әзірлеушілер үшін платформада тіркелу тегін. Курстарды құруға арналған құралдарды пайдалану оңай.
Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы – 6-дан 144 сағатқа дейін. Курстарда ақпаратты ұсынудың әртүрлі форматтары болуы тиіс: мәтін, презентациялар, бейне және аудиоматериалдар, инфографика және басқа да түрлері. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін ұсынады.
skills.enbek.kz платформасында тіркелу және жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысу қажет:
8 (7172) 95 43 17 (ішкі 877, 878).