Әдебиет • 15 Наурыз, 2022

Жастық шақта оқитын төрт кітап

1003 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір оқитын кітаптардың саны алуан. Оның байыбына барып, не беретінін аңдап барып оқымасаң, уақытың зая кетуі де мүмкін. Сондықтан осы қателіктің болмауы үшін жыл сайын әлемдік әдеби басылымдар оқырмандарға жақсы кітаптарды саралап, оның арқауы туралы, пайдасы жөнінде сөз қозғап отырады. Сол тізімнен түспей, ұдайы оқырмандарға, әсіресе жастық шақтағы оқырмандарға ұсынылған әлем әдебиетінің мына төрт шығармасын оқып көрелік.

Жастық шақта оқитын төрт кітап

«Дориан Грейдің пор­треті»

Осыдан 130 жыл бұрын кітап болып шыққан бұл шығарма жазушы Оскар Уайльдтың артына қалдырған жалғыз романы. Романның желісі өз жанын мәңгілік жастыққа айыр­бастаған жас жігіт туралы баян­далады. Сонымен бірге бұл туын­ды қазіргі қоғамның гедо­низм мен бос сандалдың ара­сындағы әурешіліктің фило­софиялық бейне­сін ашып көрсетеді.

«Дон Кихот»

Сервантестің бұл кітабы төрт ғасыр бойы өз құнын жойған жоқ. Кері­сін­ше, әлі оқылып келеді. Әлемдік әдебиет­танушылар бұл шығарманы әрбір адам сөзсіз оқуға тиісті кітаптардың бірі деп жо­ғары баға берген. Сервантес бұл кіта­бында адамның қайғы мен қасіретке төтеп беру, онымен күресуге шабыт бере оты­рып, өмірдің әрбір сынынан аман өтуге үндейді.

«Ұлы Гэтсби»

Алғаш рет 1925 жылы бас­падан шыққан бұл романды әлем оқырмандары жақсы баға­лаған. Баспадан шыға салысы­мен кітап­сүйер қауымның қолын­да болған аталған шығарма Аме­рика әде­биеті­нің бір жемісі ре­тін­де қарас­ты­рылады. Бұл кітап­ты оқысаңыз, сіз әртүрлі адам­дар­мен кездескен сайын жазушы Фицджеральдтың кейіп­керлерінен жаңа нәрселерді үйрене бастайсыз.

«Шексіз әзіл»

Дэвид Фостер Уоллестің атал­ған кітабы да жас оқырман­дар үшін аса маңызды. Мың бет­тен асатын бұл романды оқы­ғандар саны бір жыл ішінде бірнеше миллионнан асады деген дерек бар.