Президент • 16 Наурыз, 2022

Президент тағы бір заңға қол қойды

3015 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент тағы бір заңға қол қойды

Хаттама одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту қағидаттарын көздейді:

  • Мүше мемлекеттердің кез келгеніне тең құқықтық, өзара тиімділік және экономикалық залал келтірмеу Негізіндегі ынтымақтастық;
  • Электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау;
  • Нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді басым пайдалану;
  • Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; мүше мемлекеттердің қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және дамыту;
  • Мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, мүше мемлекеттер субъектілері арасында электр энергиясының саудасын жүзеге асыру.

Шартқа қатысушы елдер одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларын дайындау және келісу бойынша жұмыс жүргізеді.

Энергетика министрі түсіндіргендей, ортақ нарықты қалыптастыру мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жасалған шарттар шеңберінде өзара электр энергиясымен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, электр энергиясын нақты жеткізудің жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу үшін тетік құру көзделеді, бұл келісілген кестелерді сақтау үшін жауапкершілікті арттырады.

Электр энергиясы нарығын құрудың әсері өндіруші және беруші қуаттарды пайдалану тиімділігін арттырудан, электр энергиясының өзара және сыртқы саудасы көлемінің өсуінен көрінеді.

Осылайша, энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсекелестік артады деп болжануда.