Президент • 18 Наурыз, 2022

Геосаяси ахуалдың салқыны Қазақстанға да тиеді – Президент

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолдаудың әрбір бастамасын табысты жүзеге асыру - баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геосаяси ахуалдың салқыны Қазақстанға да тиеді – Президент

«Жолдаудағы әрбір бастаманы осы мақсатқа жету жолындағы нақты қадам деуге болады. Оны табысты жүзеге асыру - баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазір аумалы-төкпелі кезең болып тұр. Геосаяси ахуал күннен-күнге ушыға түсуде. Оның салқыны белгілі себептерге байланысты Қазақстанға да тиеді. Бірақ біз бағдарымыздан айнымай, көздеген мақсатымызға жетеміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті сол үшін «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла жұмыс істеуіміз керектігін баса айтты.

«Бүгінде әрбір отандасымыз егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Халқымыз қашанда береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа аса мән берген. Өзара жанашырлық пен қамқорлықты барынша дәріптеген. Соның арқасында жұртымыз барлық қиындықты еңсеріп, келе жатқаны сөзсіз», деді Мемлекет басшысы.