Жозе Мануэль Баррозу - Нобель сыйлығының лауреаты, вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың (GAVI) Төрағасы, Еуропалық комиссияның төрағасы (2004-2014)
IV Нобель фестивалі жаңа экономиканы модельдеуге, жасанды интеллекттің үстемдігіне, нөлдік шығарындылар жарысына, сондай-ақ сандық Мета-әлемдегі өмірге арналған. Жетекші сарапшылар сұрақтарға жауап береді: болашақтың жұмысы қандай болады, 21 ғасырдың маманы қандай дағдыларды қажет етеді, NFT дегеніміз не, блокчейн индустриясы қалай дамиды, барлығымыз жаңа шындыққа қалай дайындаламыз және болашақ әлемінде адам қандай болады. Осы мәселелердің барлығы қазір өзгеріп жатқан технологиялар ғасырында аса өзекті.
Hanson Robotics жасаған алғашқы жасанды интеллект робот-гуманоид
Нобель фестивалі аясында Нобель дәрістерінің апталығы өтеді, ол Нобель сыйлығының он лауреаты мен белгілі сыйлық иегерлерінің дәрістерін тыңдауға ерекше мүмкіндік береді (Breakthrough prize немесе ғылыми Оскар - инновациялар бойынша ең беделді сыйлық, $3 млн жүлде). Дәрістер онлайн форматта өткізіледі және 18-22 сәуір аралығында тіркелгеннен кейін барлық тілек білдірушілерге тегін қол жетімді болады.
Бір жылдың ішінде Нобель фестивалінің аудиториясы 2000% - ға өсті. Бүгінгі күні Ғылым мерекесі әлемнің 155 елінен 500-ден астам университеттер мен 200 000 қатысушыларды біріктіреді. Көп жағдайда мұндай өсу Nobel Fest-те жыл сайын Нобель сыйлығының 12 лауреаты, (Breakthrough Prize) сыйлығының 10 лауреаты, сондай-ақ бүкіл әлемнің студенттерімен өз білімдері мен тәжірибесімен бөлісетін әлемге әйгілі сарапшылардың болуына байланысты.
Нобель фестивалінің қатысушысы, әлемдегі ең танымал экономистердің бірі, Колумбия университетінің профессоры Джеффри Сакс атап өткендей: «20-30 жылдан кейін қазіргі студенттер: «Мен Нобель сыйлығын алдым, өйткені бір кездері Нобель фестивалінде тегін дәріске қатысып, мені қызықтыратын нәрсені үйренуге талпындым» - деуі әбден мүмкін.
Нобель фестивалі - ауқымды білім беру форумы ғана емес, сондай-ақ түрлі салалардағы білім мен соңғы әзірлемелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлемдік ғалымдар мен Қазақстан университеттері арасындағы әріптестікті нығайтуға арналған виртуалды платформа. Nobel Fest серіктес университеттерінің Нобель лауреатының эксклюзивті дәрісіне қатысуға, тек мамандар мен сарапшыларға қол жетімді озық зерттеулермен танысуға бірегей мүмкіндігі бар. Мұндай ынтымақтастық ғылымды дамытудың алдыңғы шебінде болуға мүмкіндік беріп қана қоймай, білім берудегі соңғы үрдістерді қадағалайтын оқу орны ретінде университеттің әлемдік рейтингтердегі позициясын нығайтады. Фестивальдің міндеті - ғылымды әлемнің әр түкпірінде қолжетімді ету және университеттердегі білім сапасын арттыру.
Сәуір айында фестивальде әлемге әйгілі ғылым жұлдыздары өнер көрсетіп, білімдерімен бөліседі:
Джордж Черч – біздің заманымыздың ең ықпалды генетигі, Гарвард медициналық мектебінің генетика профессоры
Олармен бірге фестивальге әлемнің ең беделді университеттерінің новаторлары мен профессорлары: Лондон Экономика мектебі, MIT, Калифорния Университеті, Лондон Императорлық колледжі, Вашингтон университеті, сондай-ақ Microsoft, Google, SAP, Chevron, Coca-Cola және басқа ірі халықаралық корпорациялардың басшылары мен жетекші сарапшылары қатысады.
Нобель фестивалі - бұл коммерциялық емес жоба, ал оның басты ұйымдастырушысы - инклюзивті Даму Қоры.
Фестивальдің негізгі серіктестері - Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан Білім министрліктері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі (бас корпоративтік серіктес), Coca-Cola компаниясы (бас корпоративтік серіктес), Chevron корпорациясы (ресми корпоративтік серіктес).
Такааки Кадзита - физика бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
Нобель фестивалін еліміздің отандық жоғары оқу орындары да қолдады, олардың ішінде: еліміздің жетекші аграрлық университеті - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Бас білім беру серіктесі), көп салалы ірі ЖОО - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Бас білім беру серіктесі), Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (стратегиялық білім беру серіктесі). серіктес), ірі медициналық ЖОО - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ресми білім беру серіктесі).