
Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Жолдау, онда қамтылған міндеттер қоғам қажеттілігі мен сұранысына байланысты негізделгенін ерекше атап өткім келеді. Бағдарламаның бірінші бағытында Президент өкілеттігін қысқарта отырып, өкілдік билік тармағын, яғни Парламент рөлін нығайту жолдары жан-жақты талданып, нақты көрсетілді.
Сайлау жүйесін жетілдіру – азаматтардың мемлекеттің басқару ісіндегі рөлін арттыруға бағытталғандығы туралы да баяндалды. Мажоритарлық сайлау арқылы әрбір азамат Парламент, мәслихат депутаттығына сайлана алады.
Парасатты халқы бар еліміз – қуатты мемлекеттің негізі деген қағиданы ұсынған Президент кешенді реформаның ерекшеліктері мен бағыттарына жеке-жеке тоқталды.
Халқымызды ауызбіршілік пен ақыл-сабырға шақырып, біздің негізгі мақсатымыз – Жаңа Қазақстан құру екенін атап көрсетті. Ол өз тарапынан мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратынына сенім білдіру деген тұжырым жасады.
Жолдау еліміздің әлеуметтік әділеттілік, бәсекеге қабілетті басымдықтарға негізделген, дамудың жаңа қағидаттары жөніндегі іс-қимылдың кешенді стратегиясын белгіледі.
Онда көппартиялықты, саяси бәсекелестікті, ой-пікірдің сан-алуандылығын дамытуға ықпал ететін ауқымды міндеттер қойылды. Саяси партиялар саны көбейетіні сөзсіз. Себебі жаңа партия құру үшін, тіркеу саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайтылды.
Ұлттық құрылтай, Жоғарғы аудиторлық палата, Конституциялық соттың құрылуы және жаңа үш облыстың ашылуы, халықтың қажеттілігін тез арада шешетін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған саяси реформалардың жалғасы болып саналады.
Реформаларды жүзеге асыру барысында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 конституциялық заңға және 15-тен аса заңға өзгеріс енгізу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Жолдаудағы міндеттерді орындау үшін жұмылуға және халқы мықты, қуатты, гүлденген Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамыз. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ,
Сенат депутаты