
Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Президент Қ.Тоқаев өзінің ұлықтау сөзінде берген уәделеріне сәйкес және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл ішінде мемлекеттік құрылыстағы көрнекті жетістіктеріне сүйене отырып, өркендеген, демократиялық мемлекетті құру идеясын баса айта отырып, Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін сақтауға және нығайтуға ұмтылды.
Оның негізгі идеясы 2019 жылдың наурыз айынан бастап дәйекті түрде жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде айтылған кешенді реформалар жүзеге асырыла бастады.
2022 жылғы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы көрсеткендей, билік элитасының кейбірі өзгерісті жедел жүріп жатыр деп санаса, кейбір азамат бұған көңілі толмады. Мемлекет басшысы жағдайдың күрделілігін және аса маңызды реформаларға кедергі келтіру әрекетінің барын мойындай отырып, қазіргі ахуалды ашық талдауға және қаңтар оқиғасын нақты бағалауға басымдық беруде.
Сонымен бірге Президент «Реформалар керуені» алға жылжуы тиіс екенін, демек саяси жүйені жаңғырту қажетін жақсы түсінеді. Сондықтан халыққа Жолдауында билік ресурстарын қайта бөлу жөнінде егжей-тегжейлі он тармақтан тұратын ілеспелі бағдарламасын жариялады. Сонымен қатар саясаттың, экономиканың және қоғамның бөлінбейтіні, реформаларды азаматтардың қолдауы өмірлік маңызды екеніне келісіп, Президент Қазақстан қоғамының өзекті материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да көңіл бөлуде.
Президенттің биылғы Жолдауының мазмұны қазіргі таңда жүргізіліп жатқан кең ауқымды консультациялардың құндылығын көрсетеді. Осылайша, бұл құжат идеалды басқару үлгілерін ұлттық дәстүрлермен үйлестіруге мүмкіндік беріп, сол арқылы реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Дуглас ТАУНСЕНД,
Қазақстан Республикасының Уэльстегі Құрметті консулы,
Аустралияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі