15 Мамыр, 2010

“ШАЛҚАРДЫ” ШАЛҚЫТПАЙТЫН НЕСІ БАР?

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәуір айында Мәжіліс депутаты Зейнолла Ал­шымбаев Қазақстан Рес­публи­касының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің атына сауал жолдап, 40 жылдан астам уақыт бойы Қазақ­станның барлық өңіріне ғана емес, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбек­стан, Қыр­ғызстан, Ауған­стан ел­дерінде тұратын қандас­тарымызға да хабар тара­тып, қазақтың ән-жырына бөлеп келген “Шалқар” радиосы қазір 18 сағат бойы хабар таратқанымен, еліміз­дің өз аумағының 61,3 пайызын ғана қамтитынына өкініш білдірген болатын. Өз сауа­лында ол нақты ұсыныстар жасап, “Шал­қар­дың” уақытын 24 са­ғатқа жеткізуді және оны баяғы күшіне енгізіп, атал­мыш елдер аумақтарына да тарату қажеттілігін айтқан еді. Осы сауалға А.Смайыл, Г.Сейіт­мағанбетова, Б.Ті­леу­хан, А.Момышев секілді депутаттар да қол қойып, ұсынысты қолдаған. Жуырда Байланыс және ақпарат министрі А.Жұма­ғалиевтің атынан депутат-тарға жауап келіпті. Онда минис­трлік бұл мәселенің көтеріл­гені орынды деп санайтынын жеткізе келіп, “Шалқар” радиосының алдағы уақытта республика көлеміне толық таратылуы жөнінде “Қаз-телерадио” АҚ-қа арнайы тапсырма берілгендігі ай­тылыпты. Сонымен бірге, оның ха­барларын Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қысқа тол­қынды жиілікте таратудың техникалық мүмкіндігі бол­ғанымен, мәселені шешу қаржыға тірелетіндігі көл­денең тартылған. Сөй­тіп, “Шалқар” әлі де толық кү­шінде шалқи алмайды екен. Жақсыбай САМРАТ.