Жуықта елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, республикалық «Айгөлек» балалар журналының автор-редакторы, Мәдениет қайраткері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі Қымбат Әбілдәқызының «Мен – Тәуелсізбін!» жыр жинағының тұсаукесері болып өтті.

Қымбат Әбілдәқызы БАҚ-тың үш саласы: телевизияда – 2 жыл, Қазақ радиосында – 14 жыл, өзі ашқан Қазақстандағы ең алғашқы тәуелсіз балалар басылымы «Айгөлек» балалар журналында 18 жыл жас ұрпақтың болашағы үшін адал тер төгіп келеді. Қ.Әбілдәқызының әр тақырыпқа арнаған өлең, тақпақтары балалардың жүрегіне жылы, тіліне жеңіл, тез жатталады, патриоттық сезімін, рухын көтереді. Оған дәлел – республикалық деңгейдегі шығармашылық байқауларда бас бәйгелерді иеленуі. Оптимист, позитивті көзқарас иесі, қоғам қайраткері, майталман маман «Айгөлек» журналының оқырмандары – жас жеткіншектер құрметіне бөленуде.
Қазаққа жанашырлықпен, жанын сала еңбек жасайтындардың бірі – Қымбат Әбілдәқызының жыр жинағының тұсаукесеріне арналған іс-шараның мақсаты – оқырмандарды әдебиетті сүюге және өлең құдіретін бағалай білуге баулу, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау, ақынның отбасылық өлеңдерін жастарға таныстыру арқылы дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеу, өрендердің өз бойындағы талантын ашуға, ғылыми ізденіске бейімделуге, тұлға болып қалыптасуына жол ашар тағылымды-танымдық орта қалыптастыру.
Ic-шараға ақын, жазушы, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса, алаштанушы ғалымдар, профессорлар Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісімақ, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Негимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдахмет Құттықадам, ақын, жырау, Баянғали Әлімжан, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, т.б зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар, кітапханашылар қатысып, Қымбат Әбілдәқызының шығармашылығы, жас жеткіншектерге жасап жатқан еңбегі, осы жолдағы табандылығы туралы пікірлерін айтты. Әлі сиясы да кеппеген жаңа кітаптың тұсауын кесті.
Кездесудің бір қызықты жері, батыс және басқа да өңірлерден «Айгөлек» журналын оқып өскен көптеген жас арнайы келіп қатысып, Қымбат Әбілдәқызына өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді, сый-сияпаттарын жасады.
Кездесу барысында «Айгөлек» журналының бүгінгі оқырмандары – астаналық оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, кездесудің шырайын келтірді.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар